ҚФФ бастамасымен Футбол үйінде «Спорт маркетингі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

ҚФФ бастамасымен Футбол үйінде «Спорт маркетингі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

03 сәуір 2022, 09:00
Шараға Қазақстан футбол федерациясы мен Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының, сонымен қатар отандық футбол клубтарының маркетологтары мен матч-менеджерлері қатысты.

Басқосуға қатысушылар келесі тақырыптарды талқылады: маркетинг дамуының жолдары және еуропалық футбол қауымдастықтарының үлгісінде демеушілермен жұмысты ұйымдастыру, демеушілермен жұмыстың қазіргі ахуалын сараптау және футбол клубтарының спорт маркетингін дамытудың басым бағыттары.

Семинарға спорт маркетингі саласындағы УЕФА-ның сарапшылары шақырылды. Олар – Крэйг Томпсон и Дорис Келлер. Шараға қатысушылар қазақстандық футбол клубтарының маркетинг бөлімдерінің жұмыс жүйесін талқылап, маркетологтардың жұмыста тап болатын негізгі мәселелерін айқындады. Сонымен қатар сарапшылар демеушілер тарту бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Крэйг Томпсон – спорт маркетингі бойынша әлем көшбасшысы, ең табысты турнир саналатын УЕФА Чемпиондар Лигасының негізін қалаушылардың бірі. Біріккен Араб Әмірлігі мен Канададағы футбол лигасын ұйымдастырушы.

Дорис Келлердің әлемдегі маңызы жоғары футбол жарыстарының трансляциясы мен маркетинг саласында (ФИФА Әлем чемпионаты, УЕФА Чемпиондар лигасының матчтары мен финалы, УЕФА Еуропа лигасының финалы) 20 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар.  Сонымен қатар клубтық жарыстарды ұйымдастыру, жүзеге асыру және басқару бойынша кеңесшісі.

Мұндай форматтағы кездесулер маркетингтік міндеттерді жүзеге асыру мақсатында тұрақты өткзіліп тұрмақ.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары