ҚФФ ресми мәлімдемесі

ҚФФ ресми мәлімдемесі

28 наурыз 2023, 17:56
2023 жылдың 28 наурызында кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан футбол федерациясының титулдық демеушісінің өзгеруі туралы ақпарат жарияланды.

Қазақстан футбол федерациясы бұл ақпараттың сенімсіз екенін хабарлайды. 2020 жылдан бастап «Олимпбет» БК бас және титулдық серіктес саналады.

Биыл ҚФФ мен «Олимпбет» БК арасында балалар-жасөспірімдер, қыздар және бұқаралық футболды дамытуда әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру, сонымен қатар ресми футбол турнирлерінің мәртебесін көтеру стратегиялық серіктестік туралы меморандумға қол қойылды.

Біз азаматтар мен БАҚ өкілдерін шындыққа жанаспайтын ақпаратқа сенбеуді, тек ресми және сенімді ақпарат көздерінен алынған ақпаратты басшылыққа алуды сұраймыз.

Бөлісу
Жоғары