Қазақстан жасөспірімдер құрамалары Молдовамен жолдастық кездесулер өткізеді

Қазақстан жасөспірімдер құрамалары Молдовамен жолдастық кездесулер өткізеді

09 маусым 2023, 12:27
Қазақстанның 18 және 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамалары оқу-жаттығу жиыны аясында Молдовамен ойнайды.

Қазақстанның 18 және 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамалары 9-12 маусым аралығында Талғар базасында оқу-жаттығу жиындарын өткізеді.  Әрі қарай Молдова жасөспірімдер құрамасы және «Шериф» жастар командасымен жолдастық матч өткізу үшін Тираспольге жол тартады.

Қазақстан жасөспірімдер құрамаларының аға бапкері Александр Кузнецов алдағы оқу-жаттығу жиынына шақырылған футболшылардың тізімдерін жариялады:

18 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы:

Қақпашылар: Әбілқайыр Әлиақбар («Қайсар»), Ильдар Меңдіғалиев («Қайрат»);

Қорғаушылар: Алан Аданхаев («Жас Қыран»), Әлихан Исраилов, Елжас Молдахмет (екеуі де - «Қайрат»), Руслан Жанхаев («Шахтер»), Әділет Өмей, Әсет Бораналиев (екеуі де -  «Тараз»), Батыр Ибрагим («Оңтүстік»), Данияр Надир («Тузласпор», Түркия);

Жартылай қорғаушылар: Эмин Мұсаев («Жас Қыран»), Шыңғыс Дүйсенбек («Қайрат»), Эльхан Саидов («Қайрат»), Аян Байдәулетов («Ақтөбе»), Ахметәлі Қалтанов («Астана»), Нұрсұлтан Абдулла («Каспий»), Никита Стрижков («Жетісай»);

Шабуылшылар: Рауль Аллахвердиев («Жеңіс»), Әділет Мыңбай, Ерасыл Сәрсенбай (екеуі де - «Оңтүстік»), Димаш Серікұлы («Тараз»), Дамир Нұреділов («Ақтөбе»);

Жаттықтырушылар құрамы: Александр Кузнецов – аға бапкер, Игорь Маштаков – аға бапкердің көмекшісі, Манар Нуфтиев – аға бапкердің көмекшісі, Ерлан Тілеуқұлов – қақпашылардың бапкері, Евгений Горячий – оператор-сарапшы.


19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы:

Қақпашылар: Мирас Рихард («Қайрат»), Дулат Таласбаев («Атырау»);

Қорғаушылар: Данияр Ерлан, Руслан Захаров, Тимур Құрбанов (барлығы – «Жас Қыран»), Әлішер Кенжеғұлов («Ақтөбе Ж»), Тагир Сәкенов («Шахтер Ж»), Асқар Бижан («Қайрат»), Дүйсенбек Досхан («Ақсу Ж»), Доминик Боловинцев («Зброевка», Чехия);

Жартылай қорғаушылар: Диербек Мулужанов («Ордабасы»), Мұхаммед Еңсебаев («Елімай»), Олжас Байбек, Глеб Валгушев (екеуі де - «Қайрат»), Ілияс Әбіл (Ақсу), Валерий Вальмери («Марсет», Испания), Диас Өмірзақ («Академия 05»), Әбинұр Нұрымбет («Ұлытау»), Жанер Жазмағамбетов («Каспий»), Жансұлтан Мұхаметханов («Жас қыран»).

Шабуылшылар: Дінмұхамед Сайын, Бахтишат Абдуллаев (екеуі де – «Академия 05»), Артём Литош («Қайрат»), Тамерлан Ағыманов («Ақсу»);

Жаттықтырушылар құрамы: Александр Кузнецов – аға бапкер, Игорь Маштаков – аға бапкердің көмекшісі, Манар Нуфтиев – аға бапкердің көмекшісі, Азат Құрманов – қақпашылар бапкері, Арсен Іңкәрбеков – сарапшы.

Жолдастық кездесулер кестесі:

14 маусым

Қазақстан U-18 – Шериф U-19

 

16 маусым

Қазақстан U-18 – Молдова U-18

 

18 маусым

Қазақстан U-18 – Молдова U-18

 

16 маусым

Қазақстан U-19 – Молдова U-19

 

19 маусым

Қазақстан U-19 – Молдова U-19

Бөлісу
Жоғары