Магомед Адиев: «Мақсат қарсыласты жеңіп, Солтүстік Ирландияға дайындалу болды»

Магомед Адиев: «Мақсат қарсыласты жеңіп, Солтүстік Ирландияға дайындалу болды»

17 маусым 2023, 10:00
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев сырт алаңда Сан-Мариномен өткен ойынды қорытындылады.  

Алғашқы тайм жақсы болды деп айта алмаймын. Біздің құрамның көп позициялық шабуыл ұйымдастырмайтынын шамаладық. Бірінші таймның соңына қарай гол соғып, әрі қарай ашыла бастадық. Екінші таймда жасыл алаңға ойын мәнері өзге футболшылар шықты. Біздің жоспар бойынша ойынның қарқынын бәсеңдету болды және сол ойды жүзеге асыра алдық. Әдемі ойынды көрсетуді ойламай, үш ұпайды алуды көздедік. Мақсат қарсыласты жеңіп, Солтүстік Ирландияға дайындалу болды. 

Сан-Марино құрамасы жақсы әрі жүйелі қорғанды. Олар өздерін өз ойын жүйесінде жақсы сезінеді. Сол себепті қарсыласқа он пайыз допты беру маңызды болды. Сол арқылы оларды жүйеден шығарып, нәтижеге қол жеткіздік.

Қасым тізімге неге енбеді? Менен ойын алдында ол туралы сұрайды, ойыннан кейін де сұрайды. Басқа сұрақтар жоқ па? Әлібекпен арамызда ешқандай мәселе жоқ. Ол ұлттық құрамаға керек ойыншы. Біздің құрамада алты орталық қорғаушы бар. Барлығы бір уақытта ойнай алмайды. Сол себепті тізімнен бір ойыншыны алып тастау керек болды, - деді Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев. 

Бөлісу
Жоғары