Мектеп оқушылары мен студенттер лигасының 2022/2023 жылғы маусымының қорытындысы талқыланды
Кездесуде тараптар футболды дамытуда бірлесе жұмыс істеу мақсатында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Келісімде екі жақ футболды дамытудың әртүрлі бағыттары бойынша, оның ішінде балалар мен жасөспірімдерге арналған бағдарламалар, футбол жарыстарын ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ футбол іс-шараларын ақпараттық көрсетуге қолдау көрсету бойынша ынтымақтастықты қарастырады.
Тараптар қажетті ақпаратпен алмасып, ынтымақтастық бағыттарын бірлесе іске асырады. Серіктестік Қазақстан футболының тұрақты дамуына ықпал етіп, жастар мен халық арасында футболдың танымалдылығын арттыра түспек.
Биыл мектеп оқушылары мен студенттер арасында бірнеше турнирлер ұйымдастырылып, оған 1 миллионнан астам адам қатысты. Айта кетейік, қыздар арасында «Былғары доп» ұлттық мектеп лигасының финалдық кезеңінің ашылу салтанатына ФИФА президенті Джанни Инфантино қатысқан еді.