Қазақстан U-19 қыздар құрамасының ойыншылар тізімі
Біздің қыздар Талғарда 20 қарашада басталатын оқу-жаттығу жиынын өткізіп, содан соң Румынияға аттанады. Еске сала кетейік, Қазақстан қыздар құрамасы «В» Лигасының 2-тобында өнер көрсетеді. Қарсыластары – Словакия және Румыния құрамалары.
Тізімге 26 футболшы енді:
Қақпашылар: Әсел Әнуарбек («БИІК-Шымкент»), Арина Орел («Ақсу»), Аяулым Қазбек («Қызылорда);
Қорғаушылар: Александра Набокова («Шахтер»), Қазына Норбаева («БИІК-Шымкент»), Гүлизат Рысбек, Маргарита Талдыкина (екеуі де – БЖМОРСМ №17), Кәмшат Жаңаева («Оқжетпес»), Асыл Кәкен, Тоғжан Дүйсенғали (екеуі де – «Жетісу»), Милана Егиазарян («Қайрат»), Феруза Сайлау («Қызылорда»);
Жартылай қорғаушылар: Сарбиназ Тұрсынқұл, Эльвира Махмудова, Әсел Жұмағали (барлығы – БЖМОРСМ №17), Анастасия Перейма («Астана»), Нұрай Жәлімбетова («Қызылорда»), Аяжан Қожабекова («Ақсу»), Жанеля Ержанова («БИІК-Шымкент»), Диана Нақыпбек («Шахтер»), Аяна Рахымжанова («Оқжетпес»);
Шабуылшылар: Валерия Попова (БЖМОРСМ №17), Анель Мақсат («Қайрат»), Томирис Темірбекова (БЖМОРСМ №8), Олеся Шапалова («Шахтер»);
Бапкерлер штабы: Орынбасар Дәуренбекова – бас бапкер, Ұлболсын Жолчиева – бас бапкердің көмекшісі, Валентина Пенькова – дене даярлығы жаттықтырушысы, Казыбек Мамиленов – қақпашылар бапкері, Сәуле Қадырбаева – дәрігер, Анара Қайдауова – массажист, Рахат Әкімқұл – менеджер.
Ойындар кестесі (Астана уақыты көрсетілген):
2 желтоқсан
Словакия WU-19 – Қазақстан WU-19 – 16:00
5 желтоқсан
Қазақстан WU-19 – Румыния WU-19 – 15:00
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры – футболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасының бас серіктесі
Қазақстан ұлттық құрамаларының серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры