Астанада футзалдан УЕФА «В» категориясы бойынша курстарының үшінші модулі өтті
Офлайн форматтағы курстың үшінші модулі 14-17 қаңтар аралығында өтті.
Курстың нұсқаушы-тәлімгерлері: Қазақстан құрамасының бас бапкері Пауло Рикардо Кака, Қарағандының «Тұлпар» клубының және Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Әміржан Мұқанов, «Семей» МФК бас бапкері Дави Мендоса, «Қайрат» АФК жаттықтырушысы Луизиньо, «Семей» МФК жаттықтырушысы Аслан Смақов, сондай-ақ ҚФФ техникалық орталығының нұсқаушысы Станислав Погорелов.
Курсқа қатысушылардың тізімі: Виталий Александров, Досан Әлібаев, Жақсылық Байсариев, Николай Бочарников, Серік Үнбаев, Анатолий Одинцов, Руслан Садулаев, Дінмұхамбет Сүлейменов, Павел Таку, Қанат Танақбаев, Бекзат Хайрушев, Сергей Шевцов, Рамиль Юсупов, Асхат Әлжақсин, Бекет Парух, Василий Смолин, Жақсылық Әлішбаев, Сүндетқали Мамаев, Олег Солодовник, Жаде Биро Нилсон, Михаил Лермонтов, Даурен Нұрғожин, Григорий Шамро, Леонардо Де Мело.
Курстың үшінші модуліне УЕФА футзал курстарының нұсқаушысы Хосе Венансио Лопес Йерро қатысты.
2024 жылдың наурыз айында курсқа қатысушылардың қорытынды емтихандары өтеді, содан кейін жаттықтырушылар УЕФА-ның «В» лицензиясына ие болады.
Бұл категория футзалдағы ең жоғары санат. Биылғы маусымнан бастап клубтардың бас бапкерлеріне, сондай-ақ олардың көмекшілеріне Қазақстан чемпионатында жұмыс істеу үшін «В» санатындағы курстан өту қажет.