Қазақстан U-19 қыздар құрамасы Солтүстік Ирландиямен тең түсті

Қазақстан U-19 қыздар құрамасы Солтүстік Ирландиямен тең түсті

06 сәуір 2024, 17:02
19 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы Тбилисидегі Еуропа чемпионатына іріктеу турниріндегі екінші ойынын өткізді.

Орынбасар Дәуренбекова шәкірттері екінші ойынын топтың фавориті – Солтүстік Ирландияға қарсы өткізді. Тбилисидегі Михаил Месхи атындағы стадионда өткен кездесу 0:0 есебімен аяқталды.

Топтағы қорытынды матчы 9 сәуір күні Грузия құрамасымен өтеді. Басталу уақыты – Астана уақытымен сағат 17:00-де.

Солтүстік Ирландия WU-19 – Қазақстан WU-19 – 0:0 (0:0)

Ескерту: Қожабекова 90+5;

Солтүстік Ирландия WU-19: Смит (қ), Р.Мэги (Макгиннес 45+2), О'Доннелл (Уайлдгус 46), Логран, Кинан, Неилл (Стэнайт 46), Твиди, Керр, Макинтайр, Уир (Мэнн 82), О'Неилл (Макконаги 69);

Қосалқы құрам: Маккалистер (қ), Маркс, С.Мэги, Суитлав;

Бас бапкер: Гэйл Редмонд.

Қазақстан WU-19: Әнуарбек (қ), Ботабек, Орынбай, Набокова, Егиазарян, Норбаева (к), Попова, Перейма, Қожабекова, Нақыпбек, Абдулаева (Асқарова 62);

Қосалқы құрам: Орел (қ), Кәкен, Берікова, Темірбекова, Нұрғазина, Бейбіт, Жәлімбетова, Зайнутдинова;

Бас бапкер: Орынбасар Дәуренбекова.

Төрешілер: Яна ван Ларе, Марго Якоблс (екеуі де – Бельгия), Хатуна Майсурадзе (Грузия) 

06.04.2024. Михаил Месхи атындағы стадион, Тбилиси, Грузия.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары