Қыздар футболы – қазақ футболының жаңа көкжиегін ашу жолында

Қыздар футболы – қазақ футболының жаңа көкжиегін ашу жолында

10 мамыр 2024, 00:12
Шымкентте қыздар командалары арасында 2024 жылғы футбол маусымында Қазақстан Республикасы Кубогы жарысы аяқталды. Турнир 1-9 мамыр күндері «БИІК» спорт кешенінде өтті. Жеңімпаз атағы үшін 4 өңірден 5 футбол клубы талас жүргізді: «БИІК-Шымкент», «Ордабасы», «Ақтөбе», «Оқжетпес», «Томирис-Тұран».

Кубок айналмалы жүйеде өтті. Барлық турда қарсыласынан басым түскен «БИІК-Шымкент» турнир жеңімпазы атанды. Күміс жүлдені «Ақтөбе» алса, үшінші орынға «Ордабасы» жайғасты. 

Бұл жарыс еліміздегі қыздар футболы дамуының дамып келе жатқанының көрінісі. Ұзақ уақыттан бері спорттың бұл түріне дұрыс көңіл бөлінбей келді. Десе де Қазақстан футбол федерациясының бастамасы бүгінде жемісті болып, өз нәтижесін беріп жатыр. 

ҚФФ Бас хатшысы Андрей Дудин еліміздегі қыздар футболының дамуы мен оның маңызын атап өтті.

«Соңғы жылы ҚФФ қыздар футболын әлеуметтік желі арқылы дамытуға жаңа серпін берді. Креативті контент, тұрақты ақпарат өз нәтижесін берді. Instagram-парақшадағы оқырмандар саны 3 700-ден 10 500-ге дейін өсті. Қаралым саны мен аудитория ауқымы да өсіп келеді. Қыздар аудиториясы өте белсенді, сондықтан болашақ серіктестерімізге Қазақстан футболының жаңа көкжиектерін ашуға бірегей мүмкіндігі бар», – деді Андрей Дудин.

2023 жылдың тамыз айында осы спорт түрін дамытудың жаңа кезеңі басталды. PlayMakers жобасы мектеп жасына дейінгі қыздарды қызық жаттығулар арқылы футболға баулуға шақыратын жоба. 

ҚФФ президенті Әділет Барменқұлов 2024 жылды әйелдер футболы жылы деп жариялаған еді. Қазіргі таңда еліміздің барлық қалаларында «Менің ойыным» фестивалі өтіп жатыр. 

17 жасқа дейін қыздар командалары арасындағы «Жұлдыз» турнирі маусым алдындағы дайындықтан бөлек, Полина Тучина және Назым Алданазар секілді жас дарынды футболшыларға ұлттық құрамаға шақырту алуға мүмкіндік берді.

Футболдан қыздар чемпионаты мен Кубогын өткізу құқығын QFL-ге беру туралы шешім қыздар футболын дамытуда жаңа мүмкіндіктер ашады. Жаңа бренд және әлеуметтік желіні белсенді қолдану арқылы осы спорт түріне көбірек назар аударуға мүмкіндік береді.

Кейінгі 7 жылда қыздар футболынан халықаралық жарыстар ерекше назарға ие. Өз кезегінде, Қазақстан футбол федерациясы барлық жастағы ұлттық құрамалардың оқу-жаттығу жиыны сапасын жақсартуды жалғастыруға ниетті. Бұл әйелдер футболының халықаралық аренасында үлкен жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді.

Бөлісу
Жоғары