Қазақстан әйелдер құрамасының Арменияға қарсы ойындарға арналған құрамы

Қазақстан әйелдер құрамасы 2025 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі матчтарына дайынығын Алматы қаласында өткізеді. Алғашқы матч 31 мамырда «Армавир» стадионында өтеді. Ал екінші ойын 4 маусым күні Алматы қаласының Орталық стадионында өтеді деп жоспарланған.
Қазақстан әйелдер құрамасы ойыншыларының кеңейтілген тізімі:
Қақпашылар: Ангелина Портнова («Хаккаригюджу», Түркия), Виктория Зейнали, Назым Исмайлова (екеуі де – «Томирис-Тұран»), Дидар Нәкен (№8 БЖМОРСМ);
Қорғаушылар: Юлия Мясникова (ЦСКА, Ресей), Александра Бурова, Камила Совет (екеуі де – «БИІК-Шымкент»), Анастасия Власова («Ақтөбе»), Қазына Норбаева («Ордабасы»), Мария Демидова («Минск», Беларусь), Милана Егиазарян («Қайрат»);
Жартылай қорғаушылар: Аида Гайстенова («Звезда-2005», Ресей), Анастасия Низамутдинова («Енисей», Ресей), Камила Құлмағамбетова, Алина Лозукова, Бибігүл Нұрышева, Ксенья Хайрулина, Әселхан Тұрлыбекова, Маргарита Талдыкина (бәрі – «БИІК-Шымкент»), Әсем Қаражанова («Ақтөбе»), Аяжан Қожабекова («Ақсу»), Томирис Рахатжан, Эльмира Абдулаева (екеуі де – «Қайрат»),
Шабуылшылар: Светлана Бортникова («Ордабасы»), Валерия Попова («БИІК-Шымкент»), Әмина Бибосынова («Турбине Потсдам», Германия), Назым Алданазар, Полина Тучина (екеуі де – «Қайрат»),
Бапкерлер штабы: Мадияр Кембілов – бас бапкер, Бегайым Қырғызбаева – бас бапкердің көмекшісі, Жеңіс Арыстан – дене даярлығы жаттықтырушы, Мұрат Мұқашев – қақпашылардың жаттықтырушысы, Расул Маруа – сарапшы бапкер, Еркебұлан Нұралиев – дәрігер, Максим Дудукин – массажист, Ердос Кәлімов – массажист, Болат Тыныбек – қауіпсіздік офицері, Серік Жугралин – менеджер.
«OLIMPBET» букмекерлік кеңсесі – футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының бас серіктесі
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры – Қазақстан әйелдер футбол командасының бас серіктесі
«Sport Qory» спортты қолдау қоры Қазақстан құрама командаларының серіктесі