ҚФФ-ның «Тобыл» - «Атырау» ойынына қатысты ресми мәлімдемесі

ҚФФ-ның «Тобыл» - «Атырау» ойынына қатысты ресми мәлімдемесі

30 мамыр 2024, 16:03
2024 жылдың 29 мамырында Қостанайда «Тобыл» және «Атырау» командалары арасында футболдан OLIMPBET-Қазақстан кубогының жартылай финалының алғашқы матчы өтті.

Ойын 1:0 есебімен қостанайлықтардың жеңісімен аяқталды.

Матчтың 85-минутында бас төреші Артем Кучин VAR төрешісі Данияр Сахимен ақылдаса отырып, «Тобыл» командасының ойыншысы Жасұлан Жұмашевтың салған голын ойын ережесінің бұзылуына (допты қолмен ойнау) байланысты санамау туралы шешім қабылдады.

Техникалық ақауға байланысты осы эпизодтағы бас төрешінің шешімі тікелей эфирде көрсетілмеді.

Бөлісу
Жоғары