Қазақстандық төрешілер әйелдер арасындағы Еуро-2025 іріктеу матчында қызмет атқарады
31 мамыр 2024, 18:37
Эльвира Нұрмұстафина бастаған төрешілер бригадасы Сербия мен Словакия құрамалары арасындағы ойында қызмет атқарады. Оған Наргис Мағау мен Мәдина Алмасқызы көмек береді. Матч бүгін, 31 мамыр күні сағат 21:00-де Белград қаласында өтеді.
Сондай-ақ, Эстония және Албания кездесуінің бас төрешісі болып Татьяна Сорокопудова тағайындалды. Оған Динара Ыдрысова және Латвиядан келген Лига Дидрике ассистент болады. Матч 31 мамырда, Астана уақыты бойынша сағат 21:00-де, Эстония астанасы Таллинде жоспарланған.
Жаңалықтар
30 мам., 21:38
30 мам., 20:00
30 мам., 16:03
28 мам., 13:10