Пауло Рикардо Кака: «Топтағы ойындар қызық болады»

Пауло Рикардо Кака: «Топтағы ойындар қызық болады»

30 мамыр 2024, 21:38
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Пауло Рикардо Кака 2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі жеребесінің қорытындысы туралы пікірін айтты.

«Топтағы ойындар қызық болады. Албаниямен 2021 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінде кездескен едік. Олардың құрамында да азаматтық алған ойыншылар бар. Жылдан жылға күшейіп келеді. Жалғыз проблема – жол ауыр болады.

Дания да футзалды дамытуды қолға алды. Команданың тәжірибесі көп болмаса да, алға жылжу байқалады.

Армения сапында біршама бразилиялық ойыншылар бар. Сол үшін УЕФА-мен біраз түсініспеушілік болған. Әзірге қандай футбол ойнайтынын білмейміз. Бірақ ӘЧ-2024 іріктеуі болашағынан көп үміт күттіретін командамен кездесетінімізді көрсетті», – деді Кака.

Айта кетейік, жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 5-топта Армения, Дания және Албания құрамаларымен кездеседі.

Бөлісу
Жоғары