Астанада аутизм және Даун синдромы бар балалар мен жасөспірімдерге арналған футбол лигасының тұсаукесері өтті
Жобаны Қазақстан футбол федерациясысы «Болашақ» корпоративтік қорымен бірге құрды. Демеуші – Freedom Holding Corp пен «Freedom Шапағат» қайырымдылық қоры.
«UNI Football League» – аутизм және Даун синдромын қоса, ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдерге арнап әзірленген футбол жобасы. Жобаның мақсаты – дамуында ерекшеліктері бар балалар мен жасөспірімдер үшін футбол арқылы сапалы спорттық бағдарламаға қол жеткізуге және әлеуметтік орта қалыптастыруға мүмкіндік жасау.
«UNI Football League» жобасы Астанада 2023 жылдың қараша айында «Болашақ» қорының жыл сайынғы Қысқы қайырымдылық балынан түсетін қаражатқа өтті. Қазіргі таңда Астанада аутизм және Даун синдромы бар 12 бала секцияда жаттығып жатыр. Жалпы жобаның географиясы мамандандырылған футбол секциялары жұмыс істейтін Қазақстанның 9 қаласын (Шымкент, Атырау, Қарағанды, Астана, Көкшетау, Петропавл, Тараз, Ақтау және Өскемен) қамтиды. ЕБбҚ бар 60-65 бала қамтылды. Жалпы жоба шамамен 160 бала мен жасөспірімді қамтиды деп күтілуде.
Қазақстан футбол федерациясы әр қаладан инклюзивті білім курсынан өткен B, C, D UEFA санаты бар білікті жаттықтырушылар командасын жинады.
Жобаның басты мақсаты балалар бір-бірімен қарым-қатынас жасау, жаңа достар табу және сөйлеу қабілетін дамыту арқылы балаларды қоғамға үйрету; физикалық даму және координациялық даму; балаларға белсенді қоғамдық өмір сүруге көмектесу, қоғамдық және спорттық іс-шараларға араластыру.
Қазақстан футбол федерациясы аутизм және Даун синдромы бар балалармен жұмыс істейтін бапкерлерге арналған әдістемелік нұсқаулықты әзірлеп жатыр. Бұл нұсқаулық футбол іс-шаралары мен жаттығуларды қауіпсіз әрі пайдалы өткізуге арналған бапкерлерге маңызды құрал болмақ.
2024 жылы қыркүйекте ҚФФ Футбол үйінде «UNI Football» республикалық турнирін өткізу жоспарда бар. Бұл турнир Қазақстанда ментальді ауытқуы бар адамдар арасында футболды дамыту үшін ауқымды платформаны жүзеге асыру барысында үлкен қадам болмақ. ҚФФ арнайы жасаған жарыс регламенті қатысушылардың ерекшелігін ескере отырып, ойынға барынша ыңғайлы жағдай жасалады.
Сондай-ақ ҚФФ «Болашақ» қорымен бірге «UNI Football League» қызметкерлері мен жаттықтырушыларына арналған жыл сайын арнайы курс өткізуді жоспарлап отыр. Бұл курстар жоба бапкерлерінің біліктігін арттыруға арналған. Осы арқылы балаларды футболмен шұғылдануға дайындығын қамтамасыз етеді.
Баспассөз конференциясына Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов, «Болашақ» корпоративтік қоры Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Гаплан, Испания Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы елшісі Хорхе Урбиола Лопес де Монтенегро мырза, «Freedom Шапағат» корпоративтік қорының Президенті Бағлана Мусина, «UNI FOOTBALL LEAGUE» футболдан инклюзивті лиганың басшысы Шыңғыс Темірханов, журналистер, ЕБбҚ бар балалардың ата-аналары қатысты.
«UNI Football League» жобасының мән-мағынасы терең. Бұл бастама балалардың барлығына тең мүмкіндік береді. Біз әр баланың футболдың бір бөлігі болғанын қалаймыз. Сонымен қатар, бұл ата-аналарды қолдайтын маңызды жобаға айналып отыр.
Футбол мектептері еліміздің жеті қаласында жұмысын бастады. Федерацияның басты міндеті – футболдың әр бағытында маңызды жобаларды дайындап, олардың әрі қарай жандануына жол ашу, инвестор тарту.
Мемлекет басшысының әлеуметтік бағдарламаға қатысу және оның тиімділігін арттыру тапсырмасы бар. Әрбір жанның өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілік артып, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндет. Сол себепті бизнесмендер мен инвесторларды, ірі кәсіпорындарды біздің жобаларымызға қатысуға шақырамын.
Осы жобаға қолдау көрсеткен «Болашақ» пен «Freedom Шапағат» ұйымдарына алғыс айттамын», – деп атап өтті Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов.
«UNI Football League еліміздегі инклюзивті футболды дамытуда маңызды қадам болмақ. Жоба еліміздегі ерекше балаларға жаңа мүмкіндік сыйлап, оларды қоғамдық өмірге белсендірек енгізу арқылы әлеуметтік қабылдауына оң әсер етеді. Қазақстан футбол федерациясына осы жобаны іске асыру идеясы үшін алғысымызды айтамыз. Жоба «Болашақ» қорының жыл сайынғы Қысқы қайырымдылық балынан түсетін қаражатына өтіп жатыр», – деп атап өтті «Болашақ» корпоративтік қоры Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Гаплан.