Руслан Балтиев ҚФФ ұлттық құрамалар департаментінің директоры болып тағайындалды
27 қаңтар 2025, 14:11
Футболшы мансабында Балтиев «Қайнар», «Қайрат», «ЦСКА-Қайрат», «Аксесс-Голден Грейн» және «Тобыл» секілді клубтарда ойнаған. Сонымен қатар, ол Ресейдің «Сокол», «Динамо», «Москва», «Шинник» және «Жемчужина» командаларында өнер көрсетті.
1997-2009 жылдар аралығында Руслан Тахирұлы Қазақстан ұлттық құрамасының намысын қорғап, 72 матчта 13 гол соққан. Ұзақ уақыт бойы ол ұлттық құрамада ең көп матч өткізген және сұрмергені болып келді.
Футболшы мансабын аяқтаған соң «Оқжетпес», «Қайсар» және «Жетісу» клубтарында спорт директоры қызметін атқарды. 2022-2024 жылдары Қазақстан ұлттық құрамасында бас бапкердің көмекшісі болды. 2024 жылдың сәуірінен қыркүйек айына дейін Ресейдің «Ахмат» клубында бас бапкердің көмекшісі ретінде қызмет етті.
Жаңалықтар
27 қаң., 13:38
21 қаң., 18:00
19 қаң., 18:00
19 қаң., 17:57
15 қаң., 16:38