Қазақстан U-17 құрамасының «Даму Кубогына» қатысатын құрамы анықталды

Қазақстан U-17 құрамасының «Даму Кубогына» қатысатын құрамы анықталды

07 ақпан 2025, 10:00
Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға бапкері Бауыржан Сағындық Минскте (Беларусь) өтетін «Даму Кубогы» халықаралық турниріне шақырылған футболшылардың тізімін жариялады.

Қазақстан U-17 құрамасының оқу-жаттығу жиыны 8 ақпанда Талғардағы ҚФФ құрама командалары Базасында өтеді.

Жарысқа сегіз команда қатысады: Қазақстан, Беларусь, Өзбекстан, Әзербайжан, Ресей, Иран, Тәжікстан (бәрі – U17) және бразилиялық BSA Academy командасы.

Командалар екі топқа бөлінеді. «Б» тобында біздің команда Иран, Тәжікстан және Ресей құрамаларымен ойнайды. «А» тобы Беларусь, Өзбекстан, Әзербайжан және BSA Academy командаларынан тұрады.

Қақпашылар: Мадияр Төлеубек («Ертіс»), Тамерлан Жанабергенов («Астана»), Данила Буч («Қайрат»);

Қорғаушылар: Райымбек Кеңесбеков, Әкежан Каликулов («Қайрат»), Әлихан Жексенбек, Әли Аскербеков («Астана»), Хасен Артурұлы, Азамат Мұсаев («Ақтөбе»), Саян Қанат («Ертіс»), Сәкен Ибадулла («Қызылжар»), Ахметали Нұрланұлы («Жас Қыран»);

Жартылай қорғаушылар: Төре Исмағұлов, Дәулет Орынбасар, Абылай Төлеухан («Қайрат»), Әлихан Әли, Дінмұхамед Махмұдов («Оңтүстік»), Ернар Тойғозы («Ертіс»), Даниял Назаров («Астана»), Руслан Рахметов («Ертіс»), Арафат Молдағалиев («Жетісу»), Илья Гезик («Шахтер»);

Шабуылшылар: Ербол Құрманахан («Жетісу»), Марк Анискин («Жас Қыран»), Ален Пак («Астана»), Азамат Асқарұлы («Тараз»), Тимур Рахимов («Ордабасы»), Руслан Уәлихан («Астана»);

Бапкерлер штабы: Бауыржан Сағындық – аға бапкер, Асхат Құсайынов – аға бапкердің көмекшісі, Әсет Айтмағанбетов – дене даярлығы жаттықтырушысы, Валишер Рашид – қақпашылар бапкері, Азамат Серікбаев – бейнеоператор, Нұрсұлтан Болатбеков – дәрігер, Станислав Ведлер – массажист, Әнуар Жандарбеков – менеджер.

Даму Кубогы-2025 матчтарының кестесі (Қазақстан уақыты көрсетілген):

16 ақпан (жексенбі)

12:30 BSA Academy - Өзбекстан U17

14:50 Иран U17 - Қазақстан U17

17:10 Ресей U17 - Тәжікстан U17

20:00 Беларусь U17 - Әзербайжан U17

 

17 ақпан (дүйсенбі)

13:00 Иран U17 - Тәжікстан U17

15:20 BSA Academy - Әзербайжан U17

17:40 Ресей U17 - Қазақстан U17

20:00 Беларусь U17 - Өзбекстан U17

 

19 ақпан (сәрсенбі)

13:00 Өзбекстан U17 - Әзербайжан U17

15:20 Қазақстан U17 -Тәжікстан U17

17:40 Ресей U17 - Иран U17

20:00 Беларусь U17 - BSA Academy

 

21 ақпан (жұма)

12:00 «А» тобының төртінші орны – «В» тобының төртінші орны

14:20 «А» тобының үшінші орны – «В» тобының үшінші орны

16:40 «А» тобының екінші орны – «В» тобының екінші орны

19:00 «А» тобының жеңімпазы – «В» тобының жеңімпазы.

Бөлісу
Жоғары