Футзалдан Қазақстан құрамасы өз алаңында Данияны жеңді
![](/uploads/images/2025/02/06/67a4a2ff9fdcb.jpg)
Кака шәкірттері сырттағы жеңілістен кейін даниялықтарды тізе бүктірді. Ойын Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтіп, Қазақстан құрамасының пайдасына 7:3 есебімен аяқталды.
Қазақстан құрамасының сапында Дуглас Жуниор, Ақжол Дарибай, Азат Вәлиуллин, Дамир Қайырбай, Дәурен Тұрсағұлов мергендігімен көзге түсті, сондай-ақ Дания ойыншысы Скотт-Расмуссен өз қақпасына автогол соқты.
Айта кету керек, 20 жастағы Дамир Қайырбай ұлттық құрама сапындағы алғашқы голын соқты.
Төрт турдан кейін Қазақстан құрамасы 7 ұпаймен екінші орында, көш басында Армения (10 ұпай) тұр.
Қазақстан – Дания – 7:3 (4:3)
Голдар: Расмуссен 1 (автогол), Дуглас 1, 7, Дәрібай 5, Валиуллин 27, Қайырбай 31, Тұрсағұлов 34 – Тұрсағұлов 2 (автогол), 10 (автогол), Касумович 5
Ескерту: Кнауб 37
Қызыл қағаз: Расмуссен 34
Қазақстан: Серіков, Дәрібай, Валиуллин, Лео, Дуглас – Сисенғалиев, Кнауб, Төреғазин, Сағындықов, Тұрсағұлов, Рашит, Карменов, Оразов (к), Қайырбай
Бас бапкер: Пауло Рикардо Кака
Дания: Рамс, М.Хансен, Йоссеф, Дагович, Расмуссен – Хенриксен, Муштак, Касумович, Фалк (к), О.Хансен, Йоргенсен, Соренсен, Гантжорн, Сванеборг
Бас бапкер: Николай Клейн Сааби
Бас төрешілер: Доминикас Норкус, Мантас Помекис, Ирмантас Капрашовас (бәрі – Литва)
06.02.2025, Астана, Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы. 3218 көрермен.