Түркияда PRO санаты бойынша жаттықтырушыларға арналған даярлау курсы өтті

Түркияда PRO санаты бойынша жаттықтырушыларға арналған даярлау курсы өтті

14 ақпан 2025, 20:24
8-14 ақпан күндері аралығында Түркияның Белек қаласында UEFA PRO санатына жаттықтырушыларды даярлау курсының екіншімодулі ұйымдастырылды.

UEFA Pro Course бағдарламасы футбол бапкерлерінің біліктілігін арттыруға бағытталған. Бұл кезеңде қатысушылар дайындық кезеңінің жоспарын дұрыс бөлу, ойынды талдау және басқару үлгілерін үйреніп, шетелдік командалардың оқу-жаттығу жиындарына қатысу арқылы тәжірибе алмасты. 

Оқу бағдарламасы аясында курс тыңдаушылары Украина, Молдова, Ресей және Грузия футбол клубтарының оқу-жаттығу жиынын ұйымдастыру ерекшеліктерімен танысты. Олардың арасында «Динамо Киев», «Шериф», «Динамо Махачкала», «Балтика», «Пари НН» және «Иберия» клубтары бар. 

Қатысушылар клубтың ішкі құрылымын, жаттығу үдерісін, тактикалық жүйесін зерттеді. Күн сайын бапкерлермен тәжірибе алмасып, команданың ойын стилін талдап, матчтарға қатысты. Бес топқа бөлінген бапкерлер нұсқаушылардан арнайы тапсырмаларды алды. 

1-топ, «Динамо Киев»: Самат Смақов, Мұхтар Ерімбетов, Сапар Қарынбаев. Нұсқаушысы – Е.Свешников. 

2-топ. «Шериф»: Сергей Лобадовский, Давид Лория, Николай Гавриш, Дмитрий Карпов. Нұсқаушысы – Г.Скуртул. 

3-топ, «Динамо Махачкала»: Артем Гавриленко, Ефим Германович, Пиралы Алиев, Руслан Эсатов. Нұсқаушысы – В.Никитенко.

4-топ, «Балтика» және «Пари НН»: Руслан Балтиев, Сергей Якушин, Рафаэль Оразбахтин, Андрей Финонченко. Нұсқаушысы – В.Семенов.

5-топ: «Иберия»: Евгений Коструб, Николай Стоякин, Денис Мамонов, Ерлен Бекмұхаев. Нұсқаушысы – С.Погорелов.

UEFA Pro бағдарламасы қатысушыларға халықаралық деңгейде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бұл бағдарлама арқылы бапкерлер футболдың озық әдістерін меңгеріп, өз тәжірибесінде қолдана алады.

Бөлісу
Жоғары