Аян Әлжанов Еуропа Лигасының «Фенербахче» – «Андерлехт» матчына делегат болып тағайындалды

Аян Әлжанов Еуропа Лигасының «Фенербахче» – «Андерлехт» матчына делегат болып тағайындалды

11 ақпан 2025, 17:09
Қазақстан футбол федерациясының Халықаралық департаменті директоры Аян Әлжанов УЕФА Еуропа Лигасы плей-офф кезеңі аясындағы «Фенербахче» пен «Андерлехт» арасындағы матчқа делегат болып тағайындалды.

Ойын 13 ақпан күні сағат 22:45-те Түркияның Стамбұл қаласындағы «Шюкрю Сараджоглу» стадионында өтеді.

Айта кету керек, УЕФА делегаты – бұл матчтағы УЕФА-ның ресми өкілі. Ол ойын алдындағы ұйымдастыру жиындарын басқарып, ойыннан кейін баға береді және матчтың спорттық, инфрақұрылымдық және қауіпсіздік аспектілерін үйлестіру жұмысымен айналысады.

Бөлісу
Жоғары