Қазақстандық мамандар УЕФА ұйымдастырған әйелдер футболына арналған семинарға қатысты

Қазақстандық мамандар УЕФА ұйымдастырған әйелдер футболына арналған семинарға қатысты

07 ақпан 2025, 15:00
4-6 ақпан аралығында Сербияның Стара-Пазова қаласында өткен УЕФА халықаралық семинарына отандық бапкерлер Орынбасар Дәуренбекова мен Мария Ялова қатысты.

Семинар барысында қатысушылар Еуропаның жетекші мамандарымен тәжірибе алмасып, әйелдер футболын дамытудағы заманауи тәсілдерді талқылады. Оқу процесі ағылшын тілінде өтті, ал негізгі тақырыптар тактикалық дайындық, жаттығу әдістемелері және әйелдер командаларын басқару мәселелерін қамтыды.

Бөлісу
Жоғары