Қазақстан Olimpbet-Суперкубогы матчына аккредитация алу
![](/uploads/images/2025/02/11/67aaee8ae543a.png)
Ел чемпионы «Қайрат» пен Кубок иегері «Ақтөбе» командалары арасындағы матч 22 ақпан күні 15:00-де «Астана Арена» стадионында өтеді.
Аккредитация алу үшін журналистің аты-жөні, жеке куәлігі мен байланыс нөмірі жазылған ұсынымды (ресми бланк) Қазақстан футбол федерациясы баспасөз қызметінің электронды поштасына press@kff.kz жіберу қажет. Сонымен қатар, матча жұмыс істейтін БАҚ өкілдерінің қызметі (журналист, фотограф, тв, радио) көрсетілуі міндет. Өтініштер 20 ақпан күні 00:00-ге дейін қабылданады.
Қосымша сұрақтар болған жағдайда press@kff.kz электронды поштасы, сондай-ақ +7 778 281 81 26 (Сейіл Қожатай), +7 776 123 8589 (Ерден Жалғасов) WhatsApp арқылы байланысуға болады.
2025 жылғы Қазақстан Olimpbet-Суперкубогы матчының медиажоспары:
21 ақпан
16:00 «Ақтөбе» ФК ойын алды жаттығуы (бастапқы 15 минут БАҚ үшін ашық);
17:15 «Ақтөбе» ФК бас бапкері мен ойыншысының қатысуымен баспасөз мәслихаты;
18:15 «Қайрат» ФК бас бапкері мен ойыншысының қатысуымен баспасөз мәслихаты;
22 ақпан
15:00 «Қайрат» – «Ақтөбе» матчының басталуы;
17:00-17:30 Командаларды марапаттау рәсімі*;
17:30-17:45 Екінші орын алған команданың бас бапкерінің қатысуымен баспасөз мәслихаты*;
18:00-18:15 Суперкубокты жеңіп алған команданың бас бапкерінің қатысуымен баспасөз мәслихаты*;
*Жеңімпаз матч соңында пенальти сериясында анықталатын жағдайда медиажоспарда өзгерістер болуы мүмкін