Түркияда төрешілердің оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр

Жиынның негізгі мақсаты – төрешілердің кәсіби деңгейін көтеру, халықаралық стандарттарға сай дайындау және ойын ережесіндегі өзгерістерді пысықтау. Жиын аясында төрешілер тобы физикалық дайындықтан өтіп, теориялық және практикалық сабақтарға қатысты. Оқу-жаттығу жиынына 26 бас төреші мен олардың 33 көмекшісі шақыртылған.
Екі аптаға созылатын дайындық УЕФА Төрешілер конвенциясының кураторы, чех маманы Радек Прихода мен ҚФФ төрешілер корпусының координаторы, тәжірибелі испандық маман Хуан Антонио Мариннің жетекшілігімен өтіп жатыр.
Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті Давид Лория оқу-жаттығу жиынына қатысып жатқан төрешілерімен кездесіп, Төрешілер корпусы үшін УЕФА Конвенциясына сәйкес барлық ережелердің толық орындалуын қамтамасыз ету маңызды міндет екенін атап өтті.
Төрешілердің дайындық жиыны 20 ақпанға дейін созылады.
Төрешілер:
- Данияр Сахи
- Болат Сәриев
- Саят Қарабаев
- Эльвира Нурмустафина
- Рустам Омаров
- Сәкен Байымбет
- Александр Затула
- Денис Тевяшов
- Айдын Тасыбаев
- Георгий Чеховский
- Сергей Ноженко
- Саят Суликанов
- Татьяна Сорокопудова
- Денис Измайлов
- Тимур Кумашев
- Арман Исмұратов
- Санжар Ысқақов
- Руслан Сұлтанғалиев
- Біржан Сержанұлы
- Сағадат Ідрісов
- Айбек Мұхат
- Жақсылық Сейдахметов
- Нұржан Жұмашев
- Нұрсұлтан Әлібеков
- Михаил Бильдинов
- Ануар Қазбеков
Көмекшілер:
- Сергей Васютин
- Самат Тергеусізов
- Евгений Бельский
- Юрий Тихонюк
- Сергей Калачёв
- Денис Лабашов
- Нарғис Мағау
- Алексей Долгих
- Дмитрий Белоградов
- Ғалымжан Айжігітов
- Иван Навроцкий
- Ардақ Дауанов
- Антон Сысоев
- Максим Панин
- Нұржан Жүнісов
- Станислав Лесив
- Евгений Карлов
- Иван Гриценко
- Евгений Кольев
- Артём Конивец
- Ринат Якбаров
- Данияр Серікболов
- Ілашбек Орунбаев
- Александр Павлов
- Евгений Филипчук
- Амангелді Жүсіпов
- Әлішер Мыңбаев
- Азамат Ахметов
- Нұрлан Сәрсенбаев
- Жақсылық Төребек
- Рүстем Бейжанов
- Тимур Тұрсынбаев
- Динара Идрисова