Қазақстан WU-17 құрамасы іріктеу кезеңін тең ойынмен бастады

Матч есебін 8 минутта Эстония құрамасы ашты. Дегенмен Қазақстан құрамасы бірінші таймда таразы басын теңестіріп қана қоймай, есепте алғашқы шықты. Ойынның екінші бөлігінде Эстония құрамасы тағы бір гол соғып, матч 2:2 есебімен тең аяқталды.
17 жасқа дейінгі қыздар құрамалары арасындағы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі Солтүстік Ирландияның Белфаст қаласында өтіп жатыр. Қазақстан WU-17 құрамасы Солтүстік Ирландия, Эстония және Черногория құрамаларымен бірге «В» Лигасының 1 тобына түсті.
Қазақстан WU-17 – Эстония WU-17 – 2:2 (2:1)
Голдар: Ахметжан 21, Ермағамбетова 31 – Гросс 8, Э.Южанинова 52
Қазақстан WU-17: Бабурчина-Луклянец (қ), Волженина, Талипова (Сандер 69), Муттари, Омарова (к), Ахметжан (Остер 70), Мұратжан (Зекен 81), Максим, Цой, Кленова (Жолболат 46), Ермағамбетова (Мақаш 62);
Қосалқы құрам: Гук (қ), Болатова, Қайнарбекова, Никитченко;
Аға бапкер: Юлия Мамонова.
Эстония WU-17: Иванова (қ), Киуру (Хаависту 46), Э.Южанинова, Лайдметс, Мяннисте, Каалма, Келли, Гросс, Узюкина (Луик 46), Матсон (Пихлак 59), А.Южанинова (Валси 46);
Қосалқы құрам: Козляева (қ), Июня, Сууп, Кристиансен, Скотти;
Аға бапкер: Пирджо Орн.
Төрешілер: Бриет Брагадоттир (Исландия), Лаура Кордани (Сан-Марино), Рэйчел Смит, Луиз Томпсон NIR (екеуі де – Солтүстік Ирландия);
17.03.2025. «Сивью» стадионы, Белфаст