Бауыржан Сағындық: «Бұл жеңіліс бізге серпіліс беруі қажет»

Бауыржан Сағындық: «Бұл жеңіліс бізге серпіліс беруі қажет»

16 сәуір 2025, 11:00
17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға бапкері Бауыржан Сағындық УЕФА Даму турнирінде Қытай командасымен өткен матч (1:0) жайлы пікір білдірді:

– Жалпы, қарсылас осылай ойнайды деп күттік. Бұл – біздің жігіттер үшін жақсы сабақ. Ешқашан ешкімді бағаламауға болмайды. Олар алдыңғы матчта жеңіліп, Ресейге қарсы жақсы ойын көрсеткеннен кейін, балаларға бұл жолы оңайырақ болады деп көрінген шығар. Содан соң концентрация жоғалды, допты тартып алу кезінде агрессия жетіспеді, қорғаныста қателіктер кетті. Алаңда тым бытыраңқы ойнадық, кей сәттерде қарсыласқа дер кезінде қарсы тұра алмадық. Бұндай тұстарды алдыңғы кездесуде де байқағанбыз. Өкінішке қарай, қорғаныс пен басқа фазаларды жетілдіру үшін дайындалуға уақытымыз аз болды. Бұл ойыннан көп нәрсені аңғардық, әрі қарай ойынымызды жақсарту үшін қажет ақпарат алдық.

Матчтан кейінгі көңіл-күйге келсек, әрине, ешкім жеңілгісі келмейді. Бірақ психологиялық тұрғыдан алғанда, бұл да бір пайдалы дүние. Жігіттер ашуланып жатыр, мінез көрсетіп жатыр. Ең бастысы – осы өкініш мотивацияға ұласып, бұл жеңілістен дұрыс қорытынды шығара білсек болғаны.

Айта кетейік, Қазақстан U-17 құрамасы Минскте өтіп жатқан УЕФА Даму турниріндегі екінші кездесуінде Қытай командасын жеңілді. Келесі матчта жасөспірімдеріміз Ресей құрамасымен кездеседі.

Бөлісу
Жоғары