Леонид Калошин ҚФФ VAR үйлестірушісі және нұсқаушысы қызметіне тағайындалды

Леонид Калошин ҚФФ VAR үйлестірушісі және нұсқаушысы қызметіне тағайындалды

15 сәуір 2025, 22:12
Қазақстан футбол федерациясы Төрешілік және қадағалау департаменті халықаралық деңгейде тәжірибесі мол маманмен толықты және төрешілерге видеоқолдау жүйесін жетілдіру жолында маңызды қадам жасалды.

Леонид Калошин – төрешілік саласында 15 жылдан астам тәжірибесі бар, Ресей футбол одағында бірнеше лауазымды атқарған білікті сарапшы. Оның басшылығымен Ресейде VAR жобасы іске қосылып, қазіргі таңда жұмыс істеп жүрген бейнетөрешілердің басым бөлігі даярланған.

Сонымен қатар, тәжірибелі маман УЕФА-ның CORE бағдарламасы бойынша жаттықтырушысы және Төрешілер конвенциясы жөніндегі УЕФА комитетінің мүшесі.

Ол Беларусь пен Литвада жоғары лига төрешілеріне арналған семинарларда аға нұсқаушы, ал Бельгияда бейне инспектор ретінде жұмыс істеген.

ҚФФ төрешілер департаментінің жаңа жетекшісі Нуну Алешандре Паррейра де Каштрумен бірге департамент жұмысын одан әрі нығайта түспек. Негізгі міндеттері – Қазақстанда VAR жүйесін дамыту, бейне төрешілерді оқыту және осы бағытта УЕФА және ФИФА-мен тығыз байланыс орнату.

Леонид Калошиннің бұл қызметке тағайындалуы ҚФФ-ның төрешілік саласында заманауи әдістер мен жоғары стандарттарды енгізуге ұмтылысын, Қазақстанның халықаралық деңгейдегі беделін арттыруға деген ниетін көрсетеді.

Бөлісу
Жоғары