Атырдау «Көктемгі демалыс» турнирі өтті

Атырдау «Көктемгі демалыс» турнирі өтті

04 сәуір 2019, 12:35
Жарысқа 2005-2006 жылғы жасөспірімдер қатысты.

Турнирдің ойындары «Судоремонтник» стадионында өтті. Жарысқа алты команда қатысып, оның қорытындысы бойынша бас жүлдені «Атырау-2005» иеленді. Екінші орында - «Ақтөбе». Үздік үштікке «Атырау-2006» ілікті.

Турнир қорытындысы бойынша үздік ойыншылар анықталды:

Үздік қақпашы – Арман Нұрғалиев («Ақтөбе»)

Үздік қорғаушы – Диас Құсайынов («Атырау-2005»)

Үздік жартылай қорғаушы – Райымбек Бақтығалиев («Атырау-2006»)

Үздік шабуылшы – Исламбек Жақияев («Атырау-2005»)

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары