Ержан Мұсабеков: «Лицензиялау жүйесін енгізу Қазақстандағы футболдың дамуына ықпал етті»
- Біздің «Алға, Qazaqstan! Вперед, футбол!» стратегиясына сәйкес, Сертификация және аттестация департаменті - еліміздегі футбол инфрақұрылымының сапасын жақсарту жұмыстарын жүзеге асыру мен бақылауға жауапты. Сонымен қатар, аймақтық федерациялардың жұмыстарына кеңес береді. Алға қойылған мақсаттарды орындау үшін 2019 жылдан бастап күшіне енген жаңа «Сертификация ережесі» мен «ҚФФ-ның стадиондардың инфрақұрылымдарына арналған тәртібі» құжаттарын әзірлеп, бекіті. Басты мақсат – инфрақұрылымды жақсарту, федерация жарыстарына қатысатын спорт нысандарына берілген футбол алаңдарының сапасын көтеру. Мәселен, 1 категориядағы стадионда балалар мен жасөспірімдер арасында жарыс өткізуге болады. Премьер-лига командалары 4 категориялы стадиондарда ойнауға рұқсат беріледі.
- Жоғарыда айтылған категориялар қалай беріледі?
- Біздің департамент 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан футбол федерациясы мен Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының жарыстарын қабылайтын 46 стадионды анықтады. Оның ішінде 27 футбол алаңына жасанды газон төселген. 1 сәуірге дейін 12 облыста 36 стадион бақылаудан өтті. Алғаш рет Қостанай қаласында салынған «Тобыл-Арена» кешенінің жасыл алаңын тексердік. Тексеру қорытындысы бойынша талапқа сай келмеген стадиондарды жарысты қабылдау құқығынан айырылады. Маусым бойы барлық стадиондарды бақылаудан өткізуді жоспарлап отырмыз. Мұқият тексеру мен сараптама қорытындысы бойынша әр стадионға бағасын береміз.
- Стадиондардағы жасыл алаңның сапасына қалай баға беріледі?
- Жасыл алаңның сапасын бақылайтын арнайы комиссия бар. Маусым бойы оның сапасын бақылайды. Талапқа сай келмейтін алаңдарда ресми матч өткізуге тыйым салынады. Комиссия жыл басынан бері Атырау, Қарағанды, Ақтөбе және Көкшетау қалаларының орталық стадиондарыда Премьер-лига ойындарын өткізуге рұқсат етпеді. Өйткені, жасыл алаңның сапасын қанағаттандырмайды. Осы шешімнен кейін Атырау қаласында аренаның инфрақұрылымын жақсарту, газонды ауыстыру жұмыстары қолға алынды. Жоспар бойынша Атыраудың стадионы жазға қарай Премьер-лига ойындарын қабылдауы мүмкін. Ақтөбе орталық стадионының жетекшілері де кемшіліктерді жояды деп есептейміз. Облыс әкімі жағдайды жеке бақылауына алды.
- Жасанды алаңдардың жағдайы қалай бағаланады?
- Қазақстан футбол федерациясы жасанды алаңдарды пайдалану бойынша арнайы стандарт қабылдады. Осы құжатта көрсетліген талаптардың барлығы сақталуы тиіс.
- Қызылорда қаласындағы стадионның құрылысы туралы айтып өтсеңіз?
- Ғани Мұратбаев атындағы Қызылорда қаласының стадионында қайта жөндеу жұмыстары аяқталып келеді. Өкінішке қарай, жөндеу жұмыстары ұзаққа созылды. Өйткені, облыс әкімі Қырымбек Көшербаев аренаны жаңартуға қосымша қаражат бөлген болатын. Батыс және шығыс трубиналарының төбесі жабылады. Жаңа электронды табло орнатылып, жүгіру жолықтары төселеді. Премьер-лига ойындарын кешкі уақытта да өткізуге мүмкіндік болады. Бір сөзбен айтқанда, «Қайсар» клубы ойыншылар мен жанкүйерлерге қолайлы жағдай жасап жатыр.
- Футбол инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары өзге қалаларда жүргізіліп жатыр ма?
- Қостанайда үш мың жанкүйерге арналған футбол манежі ашылды. Облыс әкімі, ҚФФ Атқару комитетінің мүшесі Архимед Мұхамбетов елеулі үлес қосты. Сонымен қатар, Шымкент пен Орал қаласының стадиондары күрделі жөндеуден өтпек.
- Стратегияда жазылған басым бағыттардың бірі – әйелдер футболы. Өткен жылы футбол клубтарын сертификациялау ережелеріне жаңа талап қосылды. Әр футбол орталықтың жанынан 12 жасқа дейінгі қыздар командасы ашылды. Бұл бағытта жұмыс қалай өрбімек?
- Жаңа бастама футбол клубтарының тарапынан қолдауға ие болды. 12 жастағы қыздар бірнеше жылдан соң ішкі чемпионаттағы командалардың қатарына қабылданады. Футбол орталықтарының жанынан қыздар командасын ашу арқылы Мария Ялова, Махаббат Досжанова және Ксения Постовая сынды бұрынғы футболшылар жұмысқа орналасты.
- Жазда қазақстандық төрт клуб Еуропа турнирлерінің іріктеу кезеңіне қатысады. «Астана», «Қайрат», «Тобыл» және «Ордабасы» клубтарының жағдай қалай?
- Біздің департамент УЕФА талаптарына сәйкес құжаттарды жинап, сарапатама жасауға кірісіп кетті. Сәуір айының соңында сертификация комиссиясы шешім қабылдайды.