Қайрат Иманалин: «Тактикамен көп жұмыс жүргізіп, әртүрлі комбинация ұйымдастырып жатырмыз»

- Команданың көңіл-күй қалай? Қандай бағытта жұмыстар жүргізіліп жатыр?
- Тактикамен көп жұмыс жүргізіп, әртүрлі комбинация ұйымдастырып жатырмыз. Команданың жағдайы мен көңіл-күйі жақсы. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты елордағы ұзақ жеттік. Алдағы ойындардың жауапкершілігі жоғары.
- Өткен маусымның қорытындысы бойынша Қазақстан Чемпионатының ең үздік ойыншысы атандыңыз. Осы атақ та қосымша жауапкершілік жүктей ме?
- Көп рахмет! Мақсат – Әлем Чемпионатына шығу. Ел үмітін ақтау!
- Қарсыластар туралы не айтасыз?
- Румыния құрамасы соңғы рет өз алаңында қабылдады. Қиын ойын болған. Дегенмен, жеңіске жеттік. Қарсыластардың барлығы жақсы. Словения мен Чехияның ойын жүйелерін де жақсылап зерттейміз.
- Топтың көшбасшысы кім?
- Қазақстан әлем рейтингінде жетінші орында тұр. Бұл жетістік маңдай термен келді. Алайда, қарсыласты бағаламауға болмайды. Әр қарсыластың қиындығы бар. Барлығы ойынға деген дайындыққа байланысты. Әр ойында жеңіске жетуге күш саламыз!