Қазақстан құрамасы тартысты ойында Словенияны ұтты

Бірінші таймның аяқталуына екі минут қалғанда біздің құрама Альберт Ақбалықов соққан әдемі голдың арқасында алға шықты.
Кездесудің екінші бөлігі тартысқа толы болды. Словения құрамасы 28-минутта Матей Фидершек соққан голымен таразы басын теңестірді. Әрі қарай 31-минутта Ален Фетич өз командасын алға шығарды. Алайда, араға бір минут салып Дуглас қарымта қайтарды.
Тең есеп ұзақ сақталған жоқ. Ойынның 31 минутында Чуец кезекті рет Словенияны алға шығарды - 3:2. Ойынның соңына қарай Қазақстан құрамасының ойыншылары табандылықтың арқасында жеңісті жұлып алды. Ең алдымен Лео қарсыластың қақпашысын қапы қалдырса, жеңіс голын Дәурен Тұрсағұлов соқты.
Словения - Қазақстан - 3:4 (0:1)
Голдар: Фидершек 28, Фетич 31, Чуец 34 - Ақбалықов 18, Дуглас 32, Лео 38, Тұрсағұлов 40;
Ескертулер: Фетич 1, Осредкар 03, Фидершек 22, Пушкар 29, Мордей 29 - Нұрғожин 11, Оразов 13, Дуглас 35;
Словения: Пушкар (Қ), Ловренчич (Қ), Мордей, Хозян, Чуец, Фетич, Корен, Осредкер (К), Турк, Буковец, Душчак, Фидершек;
Бапкер - Андрей Добовинчек;
Қазақстан: Игита (Қ), Гуров (Қ), Нұрғожин, Сүлейменов (К), Тұрсағұов, Оразов, Тайнан, Иманалин, Лео, Валиуллин, Ақбалықов, Есенаманов, Дуглас;
Бапкер - Кака;
Төрешілер: Юрий Неверов, Владимир Кадыков (екеуі де - Ресей);
04.02.2020. Брно, Чехия. «Водова» спорт кешені.
Жарыстың соңғы күні Словения мен Румыния сынға түссе, Қазақстан құрамасы алаң иелері Чехиямен ойнайды.