Футзалдан Қазақстан құрамасы алғашқы ойынды сәтсіз аяқтады

Футзалдан Қазақстан құрамасы алғашқы ойынды сәтсіз аяқтады

03 ақпан 2020, 04:16
2020 жылғы Әлем Чемпионатының элиталық кезеңі аясында фузалдан Қазақстан құрамасы алғашқы ойынын Румыниямен өткізді. 

Қарсыластар жылдам гол соқты. Ойынның небәрі екінші минутында Румыния құрамасының капитаны Думитру Стойка есеп ашты. Алайда, біздің ойыншылар қалған уақытта толықтай шабуылда өткізіп, қарсыластың қорғанысын бұза алмай қойды. 

Екінші таймда қорғаныс арқылы ойнаған Румыния футболшылары тағы екі гол соқты. Қазақстан құрамасы бір голмен ғана жауап қайтарды. Гол соққан қақпашы Игита. 

Қорытынды есеп – 1:3.

 

Қазақстан - Румыния - 1:3 (0:1)

Голдар: Игита 39 - Стойка 2, Савио 33, Тоница 34;

Пенальтиден мүлт кеткен: Сеч 38;

Ескерту: Сеч 37;

Қазақстан: Игита (Қ), Гуров (Қ), Тайнан, Тұрсағұлов, Дуглас, Оразов, Иманалин, Нұрғожин, Лео, Валиуллин, Сүлейменов (К), Ақбалықов, Есенаманов, Кнауб;

Бапкер - Рикардо Кака;

Румыния: Тоница (Қ), Григораш (Қ), Стойка (К), Савио, Сеч, Панзару, Ходьнодь, Ковач, Мовиляну, Крэчун, Паулу Феррейра;

Бапкер - Роберт Лупу;

Төрешілер: Кадыков, Великанова (екеуі де - Ресей);

03.02.2020. Брно, Чехия. «Водова» спорт залы. 

Бөлісу
Жоғары