Кака: «Бірінші орыннан басқа мақсат болмауы тиіс»

Кака: «Бірінші орыннан басқа мақсат болмауы тиіс»

30 қаңтар 2020, 13:58
Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Кака 2020 жылғы Әлем Чемпионатының элиталық ойындары қарсаңында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесіп, алдағы кездесулер туралы ойын ортаға салды. 

- Ең алдымен маңызды турнирге дайындалу үшін жағдай жасаған Қазақстан Футбол федерациясына алғыс айтқым келеді. Ұйымдастыру деңгейі өте жоғары. Оқу-жаттығу жиыны жоспарға сәйкес өтіп жатыр. Алғашқы күні ауа-райының қолайсыздығына сәйкес сәл өзгерістер енгіздік. Ешқандай мәселе жоқ. Бүгін қорытынды жаттығу. Ойыншылардың денсаулығы да жақсы. 

- Оқу-жаттығу жиынына шақырылған футболшылардың саны - 16. Чехияға 14 ойыншы ғана барады. Нақты құрамды анықтадыңыз ба? 

- Нақты тізім анықталды. Ойыншыларға әлі айтылмады. Олар ақпаратты БАҚ арқылы білгені дұрыс емес деп санаймын. Жеке айтамын. Екі ойыншының болашағы зор. Олар үшін ұлттық құрама осы оқу-жаттығу жиынымен аяқталмайды. 

- Турнир алдында қандай міндет тұр? Ойындардан не күтесіз?

- Еуропа елдері арасында Қазақстан төртінші орында тұр. Әлем рейтингінде жетінші. Мұндай жарыстарда бірінші орыннан басқа мақсат болмауы тиіс. Қарсыластардың барлығын құрметтейміз. Алайда, басты міндет - бірінші орын алу. Турнир аясында көптеген жағдай болады. Алғашқы қарсылас - Румыния. Соңғы рет осы елдің ойыншыларымен ойнадық. Сол себепті мағлұмат жеткілікті. Словения ірі турнирлерге жиі қатысатын шебер команда. Чехия өз алаңында өтетін ойындарды жақсы өткізеді. 

- Оқу-жаттығу жиындары Нұр-Сұлтан қаласында неліктен өтіп жатыр?

- Өйткені, барлық жағдай жасалған. Қазақстанның елордасы. Осы уақытқа дейін оқу-жаттығу жиындарын Атырау мен Алматы қалаларында өткіздік. Ешқандай кедергі көріп тұрғын жоқпыз. Еліміздің астанасында футзал шаралары жиі өтеді деп үміттенемін. 

-  Жаңа тактикалар бар ма? Игитаны шабуылға араластырмай, қарсыласты басқаша қалай таңғалдырамыз?

- Ұлттық құрамада басты рөлге шыға қоймаған ойыншылар бар. Мәселен, Оразов пен Тұрсағұлов. Сонымен қатар, Альберт Ақбалықов және Азат Валиуллин сынды жаңа ойыншылардың ойыны қарсыластар үшін ыңғайсыздық тудыруы ықтимал. Игита - Қазақстан құрамасының символы. Қазіргі таңда Қазақстан құрамасында Игитаны шабуылға араластырмай, ойнай алатын футболшылар пайда болды. Жаңа комбинациялар әр ойында қарсыластар көрсететін қиындықтарға байланысты болмақ. 

Бөлісу
Жоғары