Дінмұхамбет Сүлейменов: «Іріктеуден өтіп, Әлем Чемпионатында ойнағым келеді»

Дінмұхамбет Сүлейменов: «Іріктеуден өтіп, Әлем Чемпионатында ойнағым келеді»

30 қаңтар 2020, 14:03
Футзалдан Қазақстан құрамасының капитаны Дінмұхамбет Сүлейменов 2020 жылғы Әлем Чемпионатының іріктеу жолындағы элиталық кезеңі қарсаңында алдағы ойындардан не күтетін айтып берді: 

- Жаттығулар кешкі уақытта болды. Чехиядағы уақыт белдеуімен байланысты ма?

- Бас бапкер Еуропа уақытына ауысу керек екенін айтты. Тамақтан бастап, жаттығуға дейін өзгерістер енгіздік. 

- 2018 жылғы Еуропа Чемпионатынан кейін менің соңғы турнирім деп айтқан едіңіз. Ұлттық құрамадағы ойын мансабыңызды 2020 жылғы Әлем Чемпионатына кейін аяқтауды жоспарлап отырсыз ба? 

- Іріктеуден өтіп, Әлем Чемпионатында ойнағым келеді. Осы мақсаттарды орындау үшін күш саламын. 

- Биыл ел чемпионатында командалардың саны көбейіп, бәсеке арта түсті. Халықаралық ойындар алдында ішкі чемпионаттағы ойындар қаншалықты көмектеседі?

- Ел чемпионатының деңгейі көтерілгені ұлттық құрама үшін жақсы болмақ. Әр ойында ойыншылардың деңгейі де арта түседі. 

Бөлісу
Жоғары