Қазақстан әйелдер құрамасы Словения және Уэльске қарсы ойындарын «Астана Аренада» өткізеді

Қос кездесу де «Астана Арена» стадионында өтеді.
Ойынға кіру тегін. Ол үшін билетті zakazbiletov.kz сайтынан жүктеп алуыңыз қажет.
Словениямен матч 8 сәуір күні елорда уақытымен сағат 18:00-де басталады. 12 сәуірде Айтбай Жамантаев шәкірттері Уэльс құрамасына қарсы матч өткізеді. Басталу уақыты – 19:00-де. Екі матчты да тікелей эфирде Qazsport телеарнасы көрсетеді.
Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Айтбай Жамантаев оқу-жаттығу жиынына шақырту алған ойыншылар тізімін жариялады.
Қақпашылар: Ирина Саратовцева (клубсыз), Назым Исмаилова («Хатайспор», Түркия), Виктория Зейнали («Оқжетпес»);
Қорғаушылар: Мария Демидова, Александра Бурова, Айша Садықова (барлығы – «БИІК-Шымкент»), Юлия Мясникова (ЦСКА, Ресей), Бибігүл Нұрышева, Кұндыз Қожахмет, Айгерім Айтымова (барлығы – «Томирис-Тұран»), Анастасия Власова, Жансая Қазиева (екеуі де – «Оқжетпес»);
Жартылай қорғаушылар: Әселхан Тұрлыбекова («БИІК-Шымкент»), Фатима Сатығалиева, Айдана Күзтай, Әсем Қаражанова (барлығы – «Оқжетпес»), Карина Жұмабайқызы («Рязань-ВДВ, Ресей);
Шабуылшылар: Светлана Бортникова («БИІК-Шымкент»), Асель Кубесова («Томирис-Тұран»), Арайлым Орынбасарова («Оқжетпес»).
Бапкерлер штабы:
Айтбай Жамантаев – бас бапкер, Бегаим Қырғызбаева – бас бапкер көмекшісі, Ержан Сұнақов – қақпашылар жаттықтырушысы, Ахматхон Искандаров – дәрігер.