ҚФФ менеджмент сапасының жүйесі (SGS) бойынша УЕФА аудиторлық тексерінен сәтті өтті

ҚФФ менеджмент сапасының жүйесі (SGS) бойынша УЕФА аудиторлық тексерінен сәтті өтті

22 желтоқсан 2022, 18:31
Барлық процедуралар бойынша аудиторлық тексеріс пен бағалау жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша УЕФА-ның клубтық лицензиялау сапасының стандарттарына сәйкес SGS бойынша лиценизялау комитеті Қазақстан футбол федерациясына 2023 жылғы маусымға сертификат беру туралы шешім қабылдады. 

Лицензиялау департаментінің барлық процедураларын, ережелері мен талаптарын, сонымен қатар футбол клубтарының лицензиядан өту мерзімдерін аудиторлар толық тексерді.  

SGS сертификаты арқылы ҚФФ Лицензиялау департаменті УЕФА атынан Қазақстанда футбол клубтарын лицензиядан өткізуге және бақылауға құқық алады. 

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары