ҚФФ футбол төрешілеріне бонус жүйесі бойынша сыйақы төлеу бағдарламасын енгізеді

ҚФФ футбол төрешілеріне бонус жүйесі бойынша сыйақы төлеу бағдарламасын енгізеді

28 шілде 2023, 10:10
Қазақстан футбол федерациясы төрешілік қызметінің сапасы мен төрешілердің командалық жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған жаңа бастаманы ұсынады.

Футболдан OLIMPBET-Қазақстан чемпионатының алдағы турларынан бастап кәсібилік пен әділдіктің жаңа стандарттарын айқындайтын төрешілерге арналған бонус жүйесі бойынша сыйақы төлеу бағдарламасы енгізіледі.

Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты – алаңда қабылданған шешімдердің әділдігі мен дәлдігін қамтамасыз ете отырып, төрешілер тобының негізгі көрсеткіштерін жақсарту. Бағалау жүйесі төрешілер тобының дұрыс шешім қабылдауы үшін біртұтас механизмін қалыптастыруға көмектеседі.

Бонус жүйесі бойынша сыйақы төлеу бағдарламасы әр төрешінің ойындарда тұрақты түрде алып жүрген бағалау көрсеткіштерін толықтырады. Бұл жаңашылдық арқылы төрешілер қызметінің жоғары стандарттары белгіленіп, әрі қарай ашық ынталандыру жүйесі арқылы реттеледі.

Жоба төрешілердің кәсіби өсуіне жаңа перспективалар ашады және оларды командалық жұмыста жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуге ынталандырады. Қазақстан футбол федерациясы бұл бастаманың футбол төрешілігін одан әрі дамытып, чемпионаттағы ойындардың сапасын арттыруда маңызды рөл атқаратынына сенімді.

Бөлісу

Жаңалықтар

14 шіл., 15:01
Жоғары