ҚФФ мен УЕФА бірлесіп қыздар футболын дамыту стратегиясын құрады

ҚФФ мен УЕФА бірлесіп қыздар футболын дамыту стратегиясын құрады

29 қаңтар 2024, 08:00
Астанада УЕФА және Oaks консалтинг компаниясының өкілдерімен Қазақстандағы қыздар футболының болашағы мен дамыту жоспары талқыланды.

24-25 қаңтар күндері өткен УЕФА сессиясы барысында Қазақстандағы қыздар футболының қал-ахуалы, дамуы мен болашағы сөз болды. Алдағы уақытта Қазақстан футбол федерациясы УЕФА-мен бірлесе отырып, 2024-2028 жылдар аралығында Қазақстанда қыздар футболын дамыту стратегиясын жасап шығады.

Екі күнге созылған іс-шараға УЕФА қыздар футболын дамыту Департаментінің өкілі Алиса Лагония, UEFA Grow бағытының өкілі Олександр Кучерявый, Oaks консалтинг компаниясының мамандары Адам Уокер мен Уилл Джаггинс қатысты.

Сондай-ақ облыстық футбол федерация мен клубтардың өкілдері, Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы, ҚР спорт және туризм министрлігі, Олимпиада резервін даярлау орталығы және тағы басқа мамандар сессия тыңдаушысы болды.

Мария Ялова, Қазақстан U-17 қыздар құрамасының бас бапкері:

- Я думаю, что это уже прорыв, большой шаг в развитии нашего женского футбола. Два дня прошли на одном дыхании. Было очень интересно, продуктивно. Думаю, что со временем мы постараемся реализовать стратегию пошагово. Казахстанская федерация футбола организовав это мероприятие, уже сделала шаг впредь и мы на пути возрождение женского футбола в Казахстане.

Наргис Мағау, ҚФФ әйелдер футболы департаментінің директоры: 

-  Казақстан әйелдер футболын саппалы деңгейде дамыту үшін кешенді қадамдық тәсіл қолдану керек. Сондықтан біріншіден Қазақстан футбол федерациясы қазіргі уақытта әйелдер футболын стратегиясын әзірлеу жұмысын атқарып жатыр. Ұзақ мерзімді жоспарымыз көптеген бағыты назарға алып, дамыту мақсаттарына жетуге көмектеседі.

Сонымен бірге, бізге қазір УЕФА мамандары осы жұмысқа үлкен үлес қосып жатыр. Бірнеше футбол және мемлекеттік өкілдерін пайдалы пікірлерін тыңдап, бәріміз Қазақстан әйелдер футболын дамытуға тырысамыз.

Алиса Лагония, УЕФА қыздар футболын дамыту департаментінің өкілі

- Бұл тамаша іс-шара болды. Екі күн бойы Қазақстандағы әйелдер футболының әртүрлі аспектілері жайлы сөйлестік. Лық толған зал, Қазақстанның түкпір-түкпірінен 40 шақты адам келді. Көп нәрсе үйрендік, көп нәрсе түйдік. Қыздар футболына қызығушылық танытатындардың бар болғаны шынымен де қуантады.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары