Станислав Черчесов: «В» лигасында бәсекелестікке төзімді болуымыз қажет»
– Қазақстанда болғаныма өте қуаныштымын. ҚФФ президенті Әділет Барменқұловпен кездескен соң дұрыс жолда екенімізге көзім жетті. Кейінгі бірнеше жылда Магомед Адиев бастаған Қазақстан құрамасы біраз белесті бағындырып, Ұлттар лигасында «B» дивизионына көтерілді. «В» лигасы мүлдем басқа деңгей екенін түсінуіміз қажет. Кез келген спортшы, өзі қаласын – қаламасын, бір белестен кейін кішігірім құлдырау болатынын біледі. Әзербайжанмен өткен матчтан кейін командамен жүздестім. Әлі де көздерінде өкініштің бар екенін байқадым. Өзіңді мақтамай да, төмендетпей де дұрыс бағалау қажет. Қазіргі таңда біз белгілі бір орында – «В» дивизионындамыз. Бәрі команданы жасарту керегін айтады. Бірақ тек команданы жасартамын деп оны істей алмаймын. Ұлттық құрамада ойып тұрып орын алатын тәжірибелі ойыншылар бар. Өзім де 40 жасқа дейін ойнадым. Төлқұжатыма ешқашан қарамаған мен басқа футболшылардың төлқұжатын не үшін қараймын? Құрама – бұл 3-4 жыл келісімшарт ұсынатын клуб емес. Құрама – бұл осында және қазір дегенді білдіреді. Егер футболшы дайын болса, оның жасына қарамастан ол құрамада болуы керек.
«В» лигасы мүлдем басқа деңгей екенін қайталап айтамын. Аустрия мен Словения құрамалары Еуропа чемпионатында қалай өнер көрсетіп жатқанын көріп отырмыз. Шабуылында Холанды бар Норвегия құрамасы да өте мықты. Оңай ойын жоқ. Турнир болғандықтан барынша жоғары тапсырма қоямыз. Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасы қандай деңгейде екенін айта алмаймыз. Ал Аустрия мен Словения нағыз бабында тұр. Ұлттар лигасы басталған уақытта оларда кішігірім құлдырау болуы мүмкін. Осыны пайдаланып қалу керек. Мақсат – Ұлттар лигасында ӘЧ-2026 іріктеу матчтарына дайындықты пысықтау.
– Магомед Адиев жеткен жетістіктен асып түсе аласыз ба?
– Адиев менің «Теректегі» жетістігімді, ал мен оның Қазақстандағы жетістігін қайталауым керек (күліп). Әр ойыннан кейін оған хабарласып, қуанышын бөлісетінмін. Шын мәніне келгенде, ол біраз жетістікке жетті. Бұл нәтижелер кездейсоқ емес, тұрақты болуы керек.
– Бес қорғаушымен ойнайтын ойын жүйесін өзгертесіз бе?
– Белгілі бір жүйені құрып, жас ойыншыларға назар аударып, оларды қызықтыруымыз керек.
Ойын жүйесі? Мен бас бапкер ретінде футболшыларға қарап икемделуім керек. Қазақстанда барлық дерлік клубтар бес қорғаушы жүйесімен ойнайды. Аз уақытта өзгерте салу қиын болады. Кішігірім өзгертулер енгізуге болады. Футболшылармен сөйлесеміз. Алаңда футболшылар ойнайды, ал бапкерлер штабы оларды дайындап, барлық жағдайын жасауы керек.
– Премьер-лиганың барлық көру жоспарыңызда бар ма? ҚПЛ-дың мықты емес командаларында ойнайтын футболшыларға мүмкіндік беріле ме?
– Кішкентай клубтардағы футболшылардың менталитеті мен бейімделуі өзгеше. Мен әркез ойынға дайындалатын 22 футболшыны және қаралымға екеуін шақыратынмын. Алдағы уақытта қалай істейтінімізді ақылдасу қажет. Мысалы Ресей құрамасын жаттықтырған кезде «Амкардан» Георгий Джикия келетін. Төрт ойынды трибунадан тамашалап, кейін «Спартак» пен құраманың капитаны болды.
– Сұхбатыңызда Бақтиер Зайнутдиновпен кездескіңіз келетінін айтқан едіңіз. Қазір жағдайы қалай екен? Кейінге кезде Ресей чемпионатына оралуы мүмкін екені туралы ақпарат көп. Ресейге оралғаны дұрыс па?
– Бірнеше мәрте сөйлескенмін. Түркияда негізгі құрамда тұрақты ойнауға мүмкіндігі бар ма, ойын уақыты қалай болатыны жайлы «Бешікташтағы» достарымнан сұрадым. Жаңа бапкер Зайнутдиновпен сөйлескен екен. Бір-біріне көмектесе алатын-алмайтынын түсіну үшін уақыт қажет. «Зенит» қызығушылық танытқан екен. Ресейде жүрсе, бақылауға оңай. Бас бапкері Сергей Семакпен байланыстамын. Бақтиер – сапалы ойын көрсететін футболшы. Кез келген позицияда сапалы ойнап бере алады. Мұндай әмбебап ойыншы командаға керек-ақ.
– Шетелдік ойыншыларға азаматтық беруге қалай қарайсыз?
– Мұны жақтырмаймын. Егер футболшының төлқұжаты болса – ешқандай кедергі жоқ. Ал ұлттық құрамада ойнауы үшін біреуді төлқұжат алуға үгіттеу – дұрыс емес. Өйткені оған қарыздар болып қаласың. Маған бұл керек емес. Егер футболшының, біздің араласуымсыз, ұлттық құрамада ойнауға заңды тұрғыда құқығы болса, неге ойнамасқа.
– Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы бекітілді ме?
– Қай мамандар қазір бос екенін, ұлттық құрамаға қайсысы пайдасын тигізетінін қарау керек. Көбі Магомед Адиевпен «Ахматқа» кетті. Тәжірибелі мамандардан тұратын өз бапкерлер штабым бар. Олар: Гинтарас Стауче, Владимир Паников, Паулино Гранеро. Әрқайсысы әр елдің чемпионы атанған. Қазір кейбіреуімен келісіп жатырмыз. Бірақ әзірге ештеңе нақтыланбады.
– Қазақ футболы мен Қазақстан құрамасының бәсекеге қабілетті ме?
– Бірнеше жыл бұрын «Ференцварошты» жаттықтырып жүргенімде «Тобылға» қарсы ойнаған едік. Сол кезде қазақ футболының деңгейін көрдім. 29 маусымда Алматыда өтетін «Астана» мен «Қайрат» арасындағы матчқа барамын. Бір уақытта барлық матчқа мүмкіндік емес. Сондықтан әр қалада матчқа баратын өз адамы болады.
Қазақстан құрамасына келер болсақ, команда «С» лигасында бәсекелестікке төтеп бере алды. Сапалы жаңа деңгейге көтерілдік. Ендігіде «В» лигасында бәсекелестікке төзімді болуымыз қажет.