Қазақстан U-17 құрамасы Даму кубогын жеңіспен бастады

Қазақстан U-17 құрамасы Даму кубогын жеңіспен бастады

16 ақпан 2025, 16:30
17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Минскте (Беларусь) басталған Даму Кубогы халықаралық турнирінің алғашқы ойынында жеңіске жетті.

Бауыржан Сағындық баптайтын құрама алғашқы матчта Иран жасөспірімдерімен кездесіп, 2:0 есебімен жеңді. Біздің команда сапынан Абылай Төлеухан мен Дәулет Орынбасар көзге түсті.

Айта кетейік, Даму Кубогы жарысына сегіз команда қатысып жатыр. Командалар екі топқа бөлінді. «Б» тобында біздің команда Иран, Тәжікстан және Ресей құрамаларымен ойнайды. «А» тобы Беларусь, Өзбекстан, Әзербайжан және BSA Academy командаларынан тұрады.

Иран U-17 – Қазақстан U-17 – 0:2 (0:1)

Голдар: Төлеухан 26, Орынбасар 62

Қазақстан U-17: Буч (қ), Трубин, Каликулов, Кеңесбеков, Жексенбек (к), Махмұдов, Мұсаев, Нұрболат, Орынбасар, Төлеухан, Молдағалиев;

Қосалқы құрам: Төлеубек (қ), Сансызбай, Ибадулла, Исмағұлов, Әли, Назаров, Гезик, Уәлихан, Пак;

Аға бапкер: Бауыржан Сағындық

16.02.2025. АБФФ манежі, Минск, Беларусь.

Бөлісу
Жоғары