Еркебұлан Сейдахмет: «Қайрат» жанкүйерлеріне алғыс айтамын, алайда қазір мен үшін жаңа кезең»

– Еркебұлан, сенің «Ақтөбеге» бейімделіп қалдың ба? Жаттықтырушылар тобы қандай позицияда сені көргісі келеді?
– «Ақтөбеге» жеңіл бой үйрете бастадым, жергілікті ойыншылар мен легионерлер жылы қарсы алды. Алаңдағы позициям бас бапкердік шешіміне байланысты болмақ. Қай жерге қойса, сол жерде ойнаймын. Алайда, мен шабуылға жақын ойнағанды жақсы көремін.
– «Қайратқа» қарсы Суперкубок ойыны сен үшін ерекше болатын шығар?
– Мен үшін «Қайратпен» ойын өте қызықты болмақ. Өйткені бес жыл ойнаған командам. «Қайрат» жанкүйерлеріне алғыс айтамын, алайда қазір мен үшін жаңа кезең. «Ақтөбемен» жеңіске және чемпиондыққа ұмтылуды қалаймын.
– Жаңа маусымда алға қандай мақсаттар қоясың?
– Жеңістен жеңіске жете беріп, нәтиже үшін үлес қосуға тырысамын. Маусым соңында жанкүйерлермен бірге чемпиондықты тойлауды жазсын.