Александр Кеплин Конференция Лигасының АПОЭЛ – «Целе» матчының делегаты болып тағайындалды

Александр Кеплин Конференция Лигасының АПОЭЛ – «Целе» матчының делегаты болып тағайындалды

20 ақпан 2025, 11:00
Қазақстан футбол федерациясының операциялық директоры Александр Кеплин УЕФА Конференция Лигасының АПОЭЛ пен «Целе» арасындағы матчына делегат болып тағайындалды.

Ойын 21 ақпан күні сағат 01:00-де Кипрдің Никосия қаласындағы «ГСП» стадионында өтеді.

Александр Кеплин – Қазақстан футбол федерациясының операциялық директоры. Ол 2018 жылдың наурыз айынан бастап УЕФА матчтарының делегаты болып келеді.

Бұл ойынды Шотландиядан келген төрешілер басқарады. Бас төреші – Джон Битон, ал оған Дэниэл Макфарлейн мен Дэвид Макгичи көмектеседі.

Айта кету керек, УЕФА делегаты – бұл матчтағы УЕФА-ның ресми өкілі. Ол ойын алдындағы ұйымдастыру жиындарын басқарып, ойыннан кейін баға береді және матчтың спорттық, инфрақұрылымдық және қауіпсіздік аспектілерін үйлестіру жұмысымен айналысады.

Бөлісу
Жоғары