Қазақстан құрамасының Уэльс пен Лихтенштейнге қарсы матчтарға арналған нақты құрамы

Нақты тізімге 32 футболшы енді. Оқу-жаттығу жиыны бүгін Түркияның Анталия қаласында басталды. Айта кетейік, шетелде өнер көрсететін ойыншылар ұлттық құрама сапына 17 наурызда қосылады.
Қақпашылар: Мұхаммеджан Сейсен («Астана»), Александр Заруцкий, Темірлан Анарбеков (екеуі де – «Қайрат»), Стас Покатилов («Сабах», Әзербайжан), Дулат Талыспаев («Кеге», Дания).
Қорғаушылар: Александр Марочкин, Ян Вороговский, Марат Быстров (бәрі – «Астана»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Роман Асранкулов («Тобыл»), Еркін Тапалов («Қайрат»), Ұлар Жақсыбаев, Сұлтанбек Астанов (екеуі де – «Ордабасы»), Әділбек Жұмаханов («Елімай»), Мәди Хасейн («Жеңіс»).
Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген («Ордабасы»), Рамазан Оразов («Силькеборг», Дания), Бақтиер Зайнутдинов («Бешікташ», Түркия), Эльхан Астанов («Астана»), Ислам Чесноков, Наурызбек Жагоров (екеуі де – «Тобыл»), Серікжан Мужиков («Елімай»), Ғалымжан Кенжебек («Кошице», Словакия), Алияр Мұхамед («Оқжетпес»), Георгий Жуков («Пуща», Польша), Дінмұхамед Қараман («Жеңіс»), Давид Есімбеков («Жетісу»).
Шабуылшылар: Абат Айымбетов («Адана Демирспор», Түркия), Максим Самородов («Ахмат», Ресей), Айбар Жақсылықов («Қайсар»), Дастан Сәтпаев («Қайрат»), Рамазан Кәрімов («Астана»).
Бапкерлер штабы: Әли Әлиев – бас бапкер, Нұрбол Жұмасқалиев – бас бапкердің көмекшісі, Елдос Ахметов – бас бапкердің көмекшісі, Юрий Чухлеба – бас бапкердің көмекшісі, Олег Воскобойников – қақпашылар жаттықтырушысы, Максим Зуев – дене даярлығы жаттықтырушысы, Могамед Нозадзе – сарапшы бапкер, Нұрлан Биттіғұлов – дәрігер, Степан Тупик – реабилитолог дәрігер, Алексей Михайлов – физиотерапевт, Евгений Карнаухов – массажист, Алексей Гудзев – массажист, Акмурат Акчабаев – массажист, Руслан Балтиев – Ұттық құрамалар департаментінің директоры, Болат Адамбеков – бас менеджер, Қуаныш Мұханбет – менеджер, Максим Шауберт – кит-менеджер, Елдар Ермеков – бейнеоператор.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде наурыз айында сырт алаңда екі маңызды матч өткізеді. 22 наурызда Кардифф қаласындағы «Cardiff City» стадионында Уэльспен кездеседі. Ойын Астана уақытымен 23 наурызда сағат 00:45-те басталады.
25 наурызда құрамамыз Лихтенштейнге қарсы ойнайды. Матч Вадуц қаласындағы «Rheinpark» стадионында өтеді. Бұл ойын да Астана уақытымен 00:45-те басталады.