Сариев пен Васютин U19 Еуропа чемпионатының іріктеу матчтарында жұмыс істейді

Сариев пен Васютин U19 Еуропа чемпионатының іріктеу матчтарында жұмыс істейді

19 наурыз 2025, 11:30
Қазақстандық төрешілер Болат Сариев пен Сергей Васютин 19 жасқа дейінгі Еуропа чемпионатының іріктеу ойындарына тағайындалды.

Турнир Италияда 19-25 наурыз аралығында өтеді.

Франция мен Латвия жастар құрамалары арасындағы кездесудің бас төрешісі болып Болат Сариев тағайындалды. Оған Сергей Васютин мен италиялық Алессио Берти көмектеседі. Төртінші төреші қызметін Лука Дзуфферли (Италия) атқарады. Сондай-ақ 25 наурызда өтетін Латвия U-19 - Испания U-19 матчында қазақстандық төрешілер тобы жұмыс істейді.

Сергей Васютин 19 наурыз күні Италия мен Латвия құрамалары арасындағы ойынға бас төреші көмекшісі болып тағайындалды. Төртінші төреші болып Болат Сариев жұмыс істейді.

Бөлісу
Жоғары