Қазақстан құрамасы Беларусьпен жолдастық ойын өткізеді

Қазақстан мен Беларусь құрамалары арасындағы ойын 5 маусым күні Минск қаласындағы «Динамо» Ұлттық олимпиадалық стадионында өтеді. Матчтың басталуы - Қазақстан уақытымен 22:00-де.
Бұған дейін құрамалар өзара жеті ойын өткізген. Оның төртеуінде Беларусь құрамасы жеңсе, тағы екі матч тең есеппен аяқталды. Ал бір ойында Қазақстан құрамасы жеңіп, 2022 жылғы УЕФА Ұлттар лигасының «С» дивизионына жолдама алған еді.
Қазақстан мен Беларусь құрамалары арасындағы ойындар тарихы:
22.09.2022. УЕФА Ұлттар лигасы. Астана
Қазақстан – Беларусь – 2:1
11.06.2022. УЕФА Ұлттар лигасы. Нови-Сад (Сербия)
Беларусь – Қазақстан – 1:1
15.10.2020. УЕФА Ұлттар лигасы. Минск
Беларусь – Қазақстан – 2:0
07.09.2020. УЕФА Ұлттар лигасы. Алматы
Қазақстан – Беларусь – 1:2
09.02.2011. Жолдастық кездесу. Анталья
Беларусь – Қазақстан – 1:1
10.10.2009. Әлем чемпионатына іріктеу. Минск
Беларусь – Қазақстан – 4:0
01.04.2009. Әлем чемпионатына іріктеу. Алматы
Қазақстан – Беларусь – 1:5