Егор Сорокин: «Суперкубокты жеңіп, Алматыға алып келуді ойлаймыз»

Егор Сорокин: «Суперкубокты жеңіп, Алматыға алып келуді ойлаймыз»

21 ақпан 2025, 23:37
«Қайрат» командасының қорғаушысы Егор Сорокин команданың жаңа маусымға дайындығы және Olimpbet-Қазақстан Суперкубогы үшін өтетін ойын туралы айтып берді:

– Оқу-жаттығу жиыны қалай өтті? Жиынның қорытындысы қандай?

– Жиын жемісті болды деп айта аламын. Күніне екі мәрте жаттығу жасадық. Спарринг ойындар әдеттегідей өтті. Жаңа маусымға дайынбыз. Мен үшін жаңа маусымға сапалы дайындық болды деп санаймын. Физикалық даярлық пен ойындағы өзара түсіністік жақсарттым.

– Суперкубок үшін өтетін ойын алдында атмосфера қандай? Маусымның алғашқы ойыны. Бірден бітіспе қарсыласпен кездесіп, жүлдеге таласыз...

– Барлығы жұмыс бабында. Ойын жақындай түскен сайын концентрация жоғарылап, бар ойымыз «Қайрат» үшін жақсы болу.

– Жаңа футболшыларды қалай қабылдадыңыздар?

– Жаңадан келген ойыншыларды құрметпен қабылдадық. Олар ойынның сапасын арттырып, командаға күш қосады деп күтеміз. Суперкубок үшін өтетін алғашқы ойында өз үлестерін тигізеді деп сенеміз.

– Команда үшін жүлдені жеңіп алу қаншалықты маңызды?

– Спортшы үшін кез келген ойында әрқашан жетістікке жету маңызды. Мақсат – жеңіске жету және клуб үшін қуаныш сыйлау. Суперкубок ойыны арқылы тарихта қалуға болады. Суперкубокты жеңіп, келесі маусымға дейін Алматыға алып келуді ойлаймыз.

– Қарсыласқа қалай дайындалдыңыздар? Ойын соңындағы пенальти сериясына дайын шығарсыз?

– Жаттықтырушылар штабы тактиканы таңдап, біздің мықты жақтарымызды пайдаланады. Қарсыластың да осал тұстарын зерттейміз. Өз ойынымыз арқылы ойынды өрбіту маңызды. Қарсыласты ойлаймай, өзіміздің ойынды олаймыз. Жеңіске жету керек.

Бөлісу
Жоғары