Қазақстан U-17 құрамасы ЕУРО-24/25 іріктеу кезеңінде Грузияны жеңді

Қазақстан U-17 құрамасы ЕУРО-24/25 іріктеу кезеңінде Грузияны жеңді

19 наурыз 2025, 13:48
17 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы ЕУРО-24/25 іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчын Грузия U-17 құрамасына қарсы өткізді.

Топтың алғашқы ойынында Қазақстан U-17 құрамасы қарсыласын 3:0 есебімен жеңіске жетті. Исмаил Бекболат бір гол соқса, Дәулет Орынбасар дубль авторы атанды.

Айта кетейік, В лигасының 7-тобында Қазақстан жасөспірімдер құрамасынан бөлек Литва және Грузия құрамалары бар. 

Грузия U-17 – Қазақстан U-17 – 0:3 (0:0)

Голдар: Орынбасар 48, 75, Бекболат 55

Грузия U-17: Купатадзе (қ), Куправа, Хутшишвили, Гетиашвили, Ябуа, Диаконидзе (Геладзе 75), Циколиа (Хецуриани 85), Хопериа (Адуашвили 60), Бартишвили, Микаутадзе (Булиа 75), Чаликиани (Небулишвили 60);

Қосалқы құрам: Челидзе (қ), Кобахидзе, Чехани, Поцхверия;

Аға бапкер: Георгий Читаури.

Қазақстан WU-17: Алдашев (қ), Нұрболат (Сансызбай 84), Қалиев (Әскербеков 60), Жексенбек (к), Артурұлы, Смақов (Назаров 60), Петрик, Нұрғали, Төлеухан, Бекболат (Абраев 78), Орынбасар (Пак 78);

Қосалқы құрам: Жанабергенов (қ), Каликулов, Еркін;

Аға бапкер: Бауыржан Сағындық.

Төрешілер: Мартон Рус, Герге Виг-Таршоньи (екеуі де – Мажарстан), Месроп Газарян, Артем Гаспарян (екеуі де – Армения).

19.03.2025. Т.Сегізбаев ат. стадион, Алматы

Бөлісу
Жоғары