Қазақстан WU-17 құрамасы ЕУРО-24/25 іріктеу кезеңін аяқтады

Қазақстан WU-17 құрамасы ЕУРО-24/25 іріктеу кезеңін аяқтады

24 наурыз 2025, 00:33
17 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы ЕУРО-24/25 іріктеу кезеңіндегі соңғы матчын Черноргория WU-17 құрамасына қарсы өткізді.

Ойын Черногория құрамасының пайдасына 3:1 есебімен аяқталды. Қазақстан құрамасы сапынан жалғыз голды Айзере Мұратжан соқты.

Юлия Мамонов баптайтын Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңде «В» Лигасының 1 тобында Солтүстік Ирландия, Эстония және Черногория құрамаларымен кездесті. Алғашқы екі ойында Солтүстік Ирландия және Эстония құрамаларымен 2:2 есебімен тең түсіп, екі ұпайды қанжығалады.

Черногория WU-17 – Қазақстан WU-17 – 3:1 (1:0)

Голдар: Чебалович 36, Балевич 51, Влахович 57 – Мұратжан 80

Алаңнан қуылды: Калач 26

Черногория WU-17: Калач (қ), Влахович, Релжич, Петрович, Ораховац, МердовиуБалевич, Чебалович, Диздаревич, Дамьянович, Дуракович;

Қосалқы құрам: Стозинич (қ), Боскович, Талович, Мозер, Джанкич, Бесович, Тадик, Буладжич, Радович;

Аға бапкер: Здравко Яукович.

Қазақстан WU-17: Бабурчина-Луклянец, Волженина, Муттари, Омарова, Сандер, Ахметжан, Остер, Максим, Цой, Ермағамбетова, Жолболат;

Қосалқы құрам: Гук (қ), Талипова, Болатова, Махаш, Мұратжан, Қайнарбекова, Зекен, Никитченко, Кленова;

Аға бапкер: Юлия Мамонова.

Төрешілер: Сапир Гая Берман, Камла Нассар (екеуі де – Израиль), Рэйчел Смит, Луиз Томпсон (екеуі де – Солтүстік Ирландия);

23.03.2025. «Инвер Парк» стадионы, Ларн

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары