Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің алғашқы ойынында жеңіліп қалды

Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің алғашқы ойынында жеңіліп қалды

23 наурыз 2025, 03:20
«Кардифф Сити» стадионында өткен ойын 3:1 есебімен аяқталды.

Кездесудің бірінші таймы 1:1 есебімен аяқталған еді. Алаң иелерінің сапынан Дэниел Джеймс жылдам гол соқты. Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыберген пенальтиден есепті теңестірді. 

Екінші таймда Бен Дэвис пен Рабби Матондо голдарынан кейін Уэльс құрамасы жеңіске жетті.

Қазақстан құрамасы келесі ойынын 25 наурыз күні Лихтенштейнмен өткізеді. Ойын Вадуц қаласының «Райнпарк» стардионында Астана уақытымен 00:45-те басталады.

Уэльс – Қазақстан – 3:1 (1:1)

Голдар: Джеймс 9, Дэвис 47, Матондо 90+1 – Тағыберген 32 (пенальти)

Ескерту: Самородов 42, Чесноков 62

Уэльс: Дарлоу (қ), Уильямс, Дэвис, Родон, Робертс, Шихэн, Томас, Джеймс (Матондо 86), Брукс (Джеймс 62), Джонсон (Харрис 62), Каллен;

Резерв: Уорд (қ), Дэвис (қ), Мепам, Кабанго, Дасилва, Аллен, Лоуренс, Броудхед, Мур;

Бас бапкер: Крейг Беллами.

Қазақстан: Заруцкий (қ), Вороговский, Быстров, Әліп, Марочкин, Тапалов, Тағыберген (к), Мужиков (Жуков 62), Самородов (Сәтпаев 75), Чесноков (Кенжебек 86), Жақсылықов (Айымбетов 75);

Резерв: Покатилов (қ), Сейсен (қ), С.Астанов, Жұмаханов, Жақсыбаев, Жагоров, Оразов, Мұхамед;

Бас бапкердің міндетін атқарушы: Әли Әлиев.

Төрешілер: Донатас Румшас, Александр Радиус, Довидас Сужеделис (барлығы – Литва);

VAR төреші: Донатас Шименас (Литва);

VAR көмекшісі: Орестас Абрамавичюс (Литва);

Төртінші төреші: Манфредас Лукьянчукас (Литва).

22.03.2025. «Кардифф Сити​», Кардифф, Уэльс. 32 473 жанкүйер.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары