Қазақстан U-16 құрамасы Freedom QJ League B чемпионатында бақ сынайды

Қазақстан U-16 құрамасы Freedom QJ League B чемпионатында бақ сынайды

22 наурыз 2025, 11:07
16 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Freedom QJ League B чемпионатына қатысатын болды.

Қазақстан U-16 құрамасының ФИФА техникалық кеңесшісі Стюарт Холлдың айтуынша, U-16 құрамасының толыққанды тұрақты турнирге қатысып апта сайынғы матчтар өткізуі – команданың халықаралық жарыстарға дайындалуындағы маңызды кезеңдердің бірі. Сонымен қатар, Лига аясында ойыншылардың өздерінен жасы үлкен қарсыластармен кездесуі олардың дамуына көмектеседі.

Қазақстан U-16 құрамасы өз алаңындағы ойындарын Талғардағы ҚФФ ұлттық құрамалардың оқу-жаттығу орталығында өткізетін болады. Осыған орай, команда QJ League аясында Алматы облысы атынан аймақтық квота алады. 

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары