Астанада әуесқой командалар арасында футзалдан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді
21 наурыз 2025, 15:16

Турнир 2025 жылғы 21-25 наурыз аралығында елордада өтеді.
Сайысқа еліміздің барлық өңірлерінен 64 команда қатысады, ал жалпы ойыншылар саны шамамен 770 адамды құрайды. Бұл чемпионат Қазақстандағы әуесқой футзалдың маңызды оқиғасы болмақ, қатысушыларға ұлттық деңгейде шеберліктерін көрсетуге мүмкіндік береді.
Турнир жеңімпаздары (немесе олардан бас тартқан жағдайда жүлдегерлер) футзалдан Қазақстан Республикасының Кубогына, сондай-ақ Бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысу құқығына ие болады. Осылайша, чемпионат елдегі футзалдың дамуына ықпал етіп, әуесқой командалар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.
Жаңалықтар
18 нау., 20:18
18 нау., 16:07
17 нау., 19:30
16 нау., 10:43