Қазақстан U-16 құрамасының International Friendly Youth Tournament жарысына аттанатын құрамы анықталды

Турнирге төрт команда қатысады: Қазақстан, Беларусь, Өзбекстан және Тәжікстан (барлығы – U-16).
Жарыс қатысушылары бір-бірімен бір ойыннан өткізеді. Барлық матчтар Шымкент қаласындағы БИІК футбол орталығында өтеді.
Қазақстан U-16 құрамасы турнирге дайындықты Талғардағы ҚФФ ұлттық құрамалар базасында өткізуде.
Қақпашылар: Абай Заманбек (ҚФФ академиясы), Арнұр Дүкенбаев (ҚФФ академиясы), Байжан Асхат (ҚФФ академиясы);
Қорғаушылар: Алиасқар Рахимбаев (ҚФФ академиясы), Никита Лисохмар (ҚФФ академиясы), Михаил Турищев (ҚФФ академиясы), Арғын Жұмагелді (ҚФФ академиясы), Бахтияр Оразғалиев (ҚФФ академиясы), Данияр Қаси (ҚФФ академиясы), Дамир Қуанышев (ҚФФ академиясы), Дінмұхамед Жақұпов (ҚФФ академиясы), Әлихан Әбді («Қайрат»);
Жартылай қорғаушылар: Әмір Оспанов (ҚФФ академиясы), Мансұр Болат (ҚФФ академиясы), Радмир Хизметов (ҚФФ академиясы), Платон Шипицин (ҚФФ академиясы), Асхат Дұтпаев (ҚФФ академиясы), Сұлтан Дәуренов (ҚФФ академиясы), Давид Заречный (ҚФФ академиясы), Артем Шалыгин (ҚФФ академиясы); Абдрахман Сарбасов («Қайрат»);
Шабуылшылар: Айбын Дәулетұлы (ҚФФ академиясы), Алан Бабашев (ҚФФ академиясы), Роман Черноморец («Қайрат»), Шыңғыс Аликеев («Бенфика», Португалия);
Бапкерлер штабы: Стюарт Холл — Қазақстан U-16 құрамасының ФИФА техникалық кеңесшісі, Ермек Нұрғалиев — жаттықтырушы, Есімбек Нұрахметов — жаттықтырушы, Рустам Закиров — қақпашылар жаттықтырушысы, Еркебұлан Нұралиев — дәрігер, Мағжан Мырзағали — медиа-офицер, Абылайхан Құрбанәлі — менеджер.
International Friendly Youth Tournament жарысы матчтарының кестесі:
21 наурыз (жұма)
12:00 Беларусь U-16 – Өзбекстан U-16
15:00 Қазақстан U-16 – Тәжікстан U-16
23 наурыз (жексенбі)
12:00 Тәжікстан U-16 – Өзбекстан U-16
15:00 Қазақстан U-16 – Беларусь U-16
25 наурыз (сейсенбі)
12:00 Беларусь U-16 – Тәжікстан U-16
15:00 Өзбекстан U-16 – Қазақстан U-16